Абай және кітапхана: конференцияға баяндама

19.07.19

19 шілде күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері Шәкәрім универститеінің коворкинг орталығында өткен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың  175 жылдық мерей тойына арналған «Абай әлем тілінде» атты рухани танымдық кездесуге қатысты. Шараға университеттің мұғалімдері, мұражай қызметкерлері мен ақынның шығармашылығына қызығушы оқырман қауымы қатысты.

Кітапхана қызметкері «Абай және кітапхана» тақырыбында баяндама оқып, кітапханамыздың тарихы, осы кітапхананың алғашқы да тұрақты оқырманы Абай Құнанбаев болғандығы және сирек қорымызда сақталған кітаптарға шолу жасай отырып, ақының қаламыздың қоғамдық өміріне де белсене араласқандығы туралы ақпарат берді.

Шара барысында кітапхана тарихы туралы және Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен сирек қорымыздағы Абайға қатысты кітаптар туралы бейнеролик көрсетілді.

Кездесу барысында ақынның өлеңдері қазақ, орыс, қытай, ағылшын, неміс тілерінде оқылып,  Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін университет қызметкерінің орындауында қытай тілінде шырқалып, шара қонақтарының үлкен сүйіспеншілігіне ие болды.

Аталмыш шара соңынды осы кездесудің өтуіне қолдау көрсеткен қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталып, біздің кітапханамыздың қорына латын қарпінде басылып шыққан Дулат Бабатайұлының  әсем безендірілген «Өсиетнама» кітабы сыйға тартылды.