«Ата Заңым – алтын қазығым»: саяси хабарлама сағаты
2013 жылы 26 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Мүгедектер мен қарттарға арналған әлеуметтік медициналық мекемесінің кітапханасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституция күніне «Ата Заңым –алтын қазығым» тақырыбында саяси хабарлама сағатын өткізді.
Өткізілген уақыты:26 тамыз 2013 жыл. сағ.11.00
Өткізілген жері: қарттар мен мүгедектер үйі.Қатысушылар: мүгедектер мен қарттарға арналған әлеуметтік медициналық мекемесінің тұрғындары мен қызметкерлері. Қатысушылар саны: 45 адам. Мақсаты: Ата Заңымызды дәріптеп, құрметтеу. Ежелгі ата-бабадан келе жатқан Ата Заң тарихымен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Отаншылдық сезім мен елжандылықты қалыптастырып, құқықтық зайырлы мемлекетіміздің дамуына үлес қосу.
2013 жылы 26 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Мүгедектер мен қарттарға арналған әлеуметтік медициналық мекемесінің кітапханасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституция күніне «Ата Заңым –алтын қазығым» тақырыбында саяси хабарлама сағатын өткізді.
Конституция күні барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке. Әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтегені жөн. Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту.
Шара барысында «Ата Заңның айбыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітаптар, альбомдар, суреттер мен мерзімді басылымдар қойылды. Тақырыпқа байланысты буклеттер таратылды.
Шара соныңда қарттар үйінің тұрғыны Равия Абдуловна бұл хабарлама сағатының оларға үлкен әсер бергендігі, көптеген мағлұматтар алғандықтары жайында айтып, алғыстарын білдірді.