Ұшқыр қаламның құдіреті: библио-керуен
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 27 тамыз 2013 жылы «Олардың есімімен қала көшелері аталады» акциясы аясында Ә. Жиреншин көшесінде ғалым-әдебиеттанушы, жазушы, абайтанушы Ә.Жиреншиннің туғанына 100 толуына орай, ұйымдастырылған «Ұшқыр қаламның құдіреті» атты библио-керуен өтті.
Өткізілген күні: 27 тамыз 2013 жыл. Өткізілген орны:Ә.Жиреншин көшесі 18-үй. Қатысушылар: Ә.Жиреншин көшесінің тұрғындары, қала тұрғындары, мәдени қызметкерлер, қалалық орта мектеп оқушылары. Қатысушылар саны: 59. Шараның мақсаты: абайтанушы, жазушы, ғалым – әдебиеттанушы Ә.Жиреншиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 27 тамыз 2013 жылы «Олардың есімімен қала көшелері аталады» акциясы аясында Ә. Жиреншин көшесінде ғалым-әдебиеттанушы, жазушы, абайтанушы Ә.Жиреншиннің туғанына 100 толуына орай, ұйымдастырылған «Ұшқыр қаламның құдіреті» атты библио-керуен өтті. Әбусағит Жиреншин қазақ кітап зерттеуінің негізін қалаған, Абай Құананбаевтың шығармашылығын зерттеушілердің бірі. Әбіш (Әбусағит) Мұсылманқұлұлы – М. Әуезовтың әйгілі «Абай жолы» эпопеясы романындағы тарихи тұлғалы кейіпкер, ол Жиренше Шоңқаұлы өзі би, өзі шешен болған адам, Абай Әйгерімді ұнатып қалған кезінде осы Жиреншеге сынатқан, сөз салып айттыруға да анасы Ұлжанға жіберген, жас Абайдың үлгі тұтар ұстазы болған, халық даналығының үлгісі ретінде сипаттаған Жиренше бидің немересі. Жиреншин баспа және мұражай ісінің дамуына қомақты үлес қосқан, қазақ халқының этнография бойынша материалдар жинаған, елімізде кітапхана ісінің дамуына ат салысқан. Қала тұрғындарына кітапхана қызметкерлері және жазушы, абайтанушы, аудармашы, М. Сұлтанбеков Ә.Жиреншиннің өмірі мен шығармашылығы, абайтану төңірегіндегі еңбектері мен қазақ кітаптары тарихын зерттеуі туралы ақпарат беді. Шараға Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның дәстүрлі әншісі Гүлшат Еруова келген қонақтар мен тұрғындарға әнмен шашу шашты.
Абай өлеңдерін жатқа айтқан №5 мектеп оқушысы Ө. Райымбек, №33 мектептен А. Манасбаева, А. Қалибекова, Ақшайықова Ы. шараның өту барысында өз үлестерін қосты. Шарада барысында «Әбусағит Жиреншиннің биік ой асулары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жиреншиннің ғылыми зерттеулері, сондай-ақ мерзімді басылымдарға шыққан мақалалары қойылды. Көрмеде Ә.Жиреншиннің «Абай және оның орыс достары», «Абай Құананбаев» атты 1- томдық толық шығармалар жинағы, «Из истории казахских книг», «Қазақ кітаптары тарихынан» монографиялары мен ғылыми зерттеулеріне ерекше назар аударылды.
Шара соңында Жиреншин көшесінің тұрғындары кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтып, еңбектеріне жетістіктер тіледі.
Ә. Жиреншин көше тұрғындары үшін үлестірмелі материалдар мен ақпараттық буклеттер дайындалып, таратылады.