Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 26

Қазақстан көшбасшысының портреті: көрме

Абай атындағы кітапханада 26 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай «Қазақстан көшбасшысының портреті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы өмірі мен қызметі, отандық және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы кітаптар, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің – Ұлт Көшбасшысының қазіргі заманғы тарихтағы рөлін айшықтайтын басылымдар қойылды.

Көрмеге қойылған кітаптар қатарында «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», Касымбеков М.Б. «Первый Президент Республики Казахстан Нұрсұлтан Назарбаев», «Кемеңгер: Н.Ә. Назарбаев әлем назарында», Могильницкий В.М. «Наш Назарбаев»,  «Назарбаев Нурсултан Абишевич – основатель независимого государства», Назарбаев, Нұрсұлтан. «Елмен сырласу. Сөздер, сұхбаттар», «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев», Қ. Сұлтанов,  «Қазақтың жаңа дәуірі» және т.б. кітаптар бар. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары да  бар.

Кітапхандағы аталмыш көрме 3 желтоқсанға дейін келушілер назарына ұсынылады.