Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаң 09

Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы: кең көлемді кітап көрмесі

2020 жылдың қаңтар  айының 9-шы жұлдызында  Абай атындағы кітапханада ақын және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай  «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты  кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме 5 бөлімнен: Абай оқыған кітаптар; сирек басылымдар беттеріндегі Абай; өлкетану көздеріндегі Абай дәуірі; Абай мұрасы – адамзаттың баға жетпес қазынасы; Абай мұрасы әлем тілдерінде атты тақырыптардан жасақталды.

Кітапхана мамандары Абай мұрасынан алынған кітаптарға кеңінен тоқталып, маңызды мәлімет ұсынды. Катысушылар үшін 1934, 1936 жылдардағы Абай басылымдары және хакім Абай шығармаларының әлемнің басқа тілдеріне аударылуына, соның ішінде 1957 жылғы өзбек басылымдарына, 1956 жылғы мадьяр тіліне, 1993 жылғы қытай тіліне аударылуына ерекше назар туғызды.

“Абай сирек басылымдар беттерінде” атты бөлімінде: Орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімінің жазбалары мен есептері, естелік кітапшалары мен 1893, 1894, 1897, 1900, 1907, 1917 жылдардағы ауылшаруашылық шолулары ұсынылды.

“Абай дәуірі өлкетану көздерінде” атты кітап көрмесінің бөлімінен жас жеткіншектер Семей қаласы және біздің кітапхананың тарихы, қаланың алғашқы өлкетану мекемелерінің қызметі, саяси жер аударылғандардың жұмыстары, Батыс-Сібір Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесінің және Семей облыстық статистикалық комитетінің басылымдарымен таныстырады. Оның ішінде В. Белослюдов «Этнография бойынша материалдар», Н. Коншиннің «Заметка об одном киргизском джуте», «Семей облысының ауылшаруашылық шолуы», «Семей облысының естелік кітапшасы”, “Семей облыстық ведомостары» және біздің өлкеміздің тарихы бойынша басқа да бірегей басылымдармен қауышты.

Іс-шараға Абай шығармашылығын зерттеушілер мен тарихшылар  А. Исин, М. Сұлтанбеков, Ж. Молдабеков Абай шығармашылығы мен  зерттеулеріне тоқталып және Абай мен оның ұрпақтарының өмірінен айтылған қызықты деректерді қызыға тыңдады.

Іс-шараға қатысқан “Авиценна” медициналық колледжі, Электротехникалық колледжі және Шәйжүнісов атындағы электрондық колледжінің студенттері Абайдың рухани мұрасына арналған бейнероликті тамашалады.

Ә.Қашаубаев атындағы  филармония әртістері Б. Түктібаев пен М. Ахметовтың орындауындағы Абай әндері мен “Рухсана”оқу орталығының оқытушысы Ерасыл Сарсенбайдың арнауы шараның  Музыкалық және поэтикалық нотасынаерекше әсер берді.