Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаң 15

Абай және кітапхана: баяндама

2020 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері қаламыздағы №16 Т.Аманов атындағы мектептің ұйымдастырумен «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту» тақырыбымен өткен семинарға қатысып, «Абай және кітапхана» тақырыбы бойынша кітапханамыздың сирек қорында сақталған кезінде Абай оқыған кітаптар мен ақынның қоғамдық жұмысқа да белсене араласқандығын дәлелдейтін әдебиеттермен таныстырып қайтты.

Шара барысында «Әлемге танылған тұлға» атты кітапханамыздың тарихы мен Абай Құнанбаевқа қатысты әдебиеттерден сыр шертетін  бейне-ролик көрсетілімі қонақтар назарына ұсынылды.

Іс-шараға Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи- мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Мағазбекұлы Әубәкір, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Қабдылғазықызы және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.