Туған қалам жүрегімде: видео-саяхат
Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 4 қыркүйегінде «Туған қалам жүрегімде» тақырыбында Семей қалаcының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемесінде видео-саяхат өткізілді.
Өткізілген уақыты: 4 қыркүйек 2013 жыл. Өткізілген орны: «Семей қалаcының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемесі». Қатысушылар: күндізгі стационарда емделушілер. Қатысушылар саны: 20 адам. Мақсаты: Семей қаласының бай тарихымен және тарихи-мәдени орындармен таныстыру. Күтілетін нәтиже: шаһардың тарихынан қызықты мағлұматтар бере отырып, туған жерге деген білім деңгейлерін көтеру.
Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 4 қыркүйегінде «Туған қалам жүрегімде» тақырыбында Семей қалаcының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемесінде видео-саяхат өткізілді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға биылғы 2013 жылдың атаулы күндерінен ақпараттар бере отырып, қала тарихы туралы терең мазмұнды мағлұматтар ұсынды. Семей қаласының негізі басталған бекіністің салыну тарихы, қаланың елтаңбасы туралы ақпараттар берілді. ХІХ-ХХ ғасырдағы қаланың маңызды оқиғалары, экономикалық дамуына үлес қосқан жергілікті көпестер Мусиндер, Плещеев, Стеапановтар туралы қызықты хабарламалар жасалды. «Семей қаласының тарихы» слайд-шоу арқылы жүргізілген шара өз мәресінде өтті. Қатысушылар 1968 жылы Семей қаласының 250 жылдығына орай түсірілген деректі фильмді тамашалап, «Прииртышье» өлкетану қоғамы ұсынған тарихи суреттермен өткенге бір саяхаттап қайтқандай болды. Видеосаяхат «Туған қалам Семейім» атты сазды бейнебаянды тыңдаумен аяқталды. Қатысушылар «Қала тарихы: кеше және бүгін» атты кітап көрмесін қызығушылықпен танысып, ризашылықтарын білдірді. Көрмеге өлкетану тақырыбы туралы 24 кітап қойылды.