Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 06

Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ойшылы: интеллектуалды викторина

6 ақпан күні  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында және ұлы ғалым Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Әбу Насыр Әл – Фараби өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесін дәріптеу мақсатында жас оқырмандар арасында «Әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы»  тақырыбында  интеллектуалды викторина ұйымдастырды.

Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ тарихындағы дара тұлғаның филасофия, таным теориясы, музыка, логика, жан, саясат пен этика ойлары жайында дайындаған презентациямен таныстырып, «Дара тұлға» атты мультипликациялық фильмін оқырмандар назарына ұсынды.

Балдырғандарға қызықты әсер қалдырған «Синквейн» стратегиясы бойынша өткен викторина болды. Синквейн (фран. Cinquains, ағыл. Cinquain) – жапондық поэзия әсерінен ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болған бес жолдық өлең нысаны.

Балдырғандар  Әл -Фараби, ұстаз, кітап және ғылым сөздерін алып, өз ойларын қысқа, әрі нақты  білдіруге тырысты, соңында осы құрастырған сөйлемдерден тақпақ оқыды. Сонымен бірге,  Мансурова Дәрия, Сәкен Медет, Гайдарқызы Камила, Асетқазыев Алихан сынды оқушылар ұлы ғұламаның   таңдамалы трактаттары кітабынан үзінділерді мәнерлеп оқып, өз ойларын ортаға салып,тақырып бойынша  асқан білімділіктерін танытты.

Шара соңында  ғалымның өмірі мен шығармашылығынан мол ақпарат беретін «Ұлы Әл-Фараби» атты кітап көрмесіне шолу жасақталып, 7 «а»  сынып жетекшісі Шаяхметова Қарлығаш Жұмағалиқызына әкімшілік тарапынан алғыс хатпен марапаттады.

Танымды шара арқылы бабамыздың ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергені үшін кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, асыл мұра, қайталанбас қазына қалдырғанын тағы бір еске түсірді.