Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 19

Шалғай елді мекендердегі кітапхана қызметтерінің тәжірибесі туралы: жаңа кітапханалық парадигманы іздеуде: ZOOM платформасындағы конференция

18 мамыр күні ШҚО Абай атындағы кітапхана мамандары «Шалғай қоғамдастықтар үшін кітапханалық қызмет көрсету тәжірибесі: жаңа кітапханалық парадигманы іздеу» атты бейресми on-line халықаралық конференцияға қатысты. Конференция ZOOM платформасында ұйымдастырылды, аталмыш шараның ұйымдастырушысы осы мақаланың авторы  – Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы П.М. Лапо болды. Конференцияға Қазақстан мен Ресей кітапханалары қатысты, атап айтсақ, Ресейлік әріптестер кітапхананы дамыту саласындағы өз ойлары мен проблемаларымен бөлісті: ӘҒҒАИ кітапханасы – Ю.Черный,  Коломналық мемлекеттік жеке жоба – «Наследие»  кітапханасы – Лисицкий, Мәскеу кітапханасы – О.Камкин, Челябі жастар кітапханасы – О. Горбат, сонымен қатар Қазақстандық кітапханалар да қатысты: Семей, Павлодар, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының облыстық кітапханалары. Конференцияда талқыланатын негізгі мәселелер П.М.Лапо мақаласының идеялары болды, онда ол Ашурбанипаль кітапханасы мен Александрия кітапханасы кезеңінен бастап қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілердің кітапхананы әлеуметтік институт ретінде, жас буын үшін қажет ақпарат көзі және пікір алаңы, білім алу орны ретіндегі дамытудың қажетті құрамдас бөлігіне айналған кезге дейінгі аралықта кітапханаларға деген мұқтаждық пен қажеттілікті  тарихи тұрғыдан зерттеу мәселелері болды. Қатысушылар талқылаған негізгі мәселе: қазіргі таңда кітапқа деген қызығушылықты сақтау және кітапханалар жұмысында әлеуметтік желілерді қалай дұрыс пайдалану  туралы болды. Теориялық тұрғыдан кітапхана мәдениет институты, ақпараттық орталық және әлеуметтік коммуникациялар орталығы сияқты функцияларды орындауға арналған.

Барлық қатысушылар кітапхана бүгінде өзінің ақпараттық және әлеуметтік компонентін жоғалтып, көптеген бұқаралық іс-шаралар өткізетін мәдени мекемеге айналып келе жатқанын атап өтті. Кітапханалардың барлық қызметінде ең бастысы кітап болатындығы айтылды. Бүгінгі шындық келесі басымдықты талап етеді: оқырман – кітапханашы – кітап, яғни, кітапхана пайдаланушыларының қажеттіліктерін ескерген жөн. Конференцияға қатысушылар мақалада айтылған идеялар туралы өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар аймақтық кітапханаларды дамытудағы проблемаларын, атап айтқанда, онлайн режимінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау, оқырмандарды кітапханаға тарту және басқа да мәселелер туралы айтылды. Түрлі жобаларды, соның ішінде өлкетануды жүзеге асыруда тәжірибе алмасу конференцияның ерекше екпіні болды. Конференция нәтижелері бойынша онлайн режимінде әлеуметтік желілерде сапалы іс-шараларды өткізу бойынша кітапханаларға әдістемелік нұсқаулық әзірлеу туралы ұсыныс жасалды.