Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 02

Журналист Айман Шәріпханова «Бәйтерекке жол» : тікелей эфир

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2020 жылы 1 маусымда «Instagram» әлеуметтік желісінде «Литер» республикалық басылымының және «Спектр» газетінің тілшісі Айман Шәріпхановамен тікелей эфирін ұйымдастырды.

Онлайн кездесу барысында Айман  Шәріпханова  « Спектр», «Арна», «Голос леса», «Страна и мир» газеттерінің бас редакторы, жауапты хатшы болып жұмыс істеді.  Балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ халқының ежелгі аңыздары мен фольклорында негізделген «Батыр -бала», «Тлеміс», «Бәйтерекке жол»  атты романдары фэнтези стилінде жазылғанын айта келе, өз романының жазылу тарихы туралы айтып, эфирге қатысушыларды романның сюжеттік желісімен қысқаша таныстырып,  романдағы кейіпкерлер, аңыздар туралы қызықты әңгімеледі.

«Бәйтерекке жол»  романының желісі бойынша,  Ұлы Даланың ежелгі дүниесінің дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тұрмысы, дүниетанымдары, жазылмаған заңдары, қазақтың ұлдардын оқыту дәстүрі туралы, романда қолданылған кейбір ескі әдет-ғұрыптар туралы қонағымыз  баяндап берді.

Эфир барысында Айман Серғазықызы  қатысушыларға романдарының  шығуы, қолданылған деректер туралы және басқа да  ғаламтор пайдаланушылардың қойған сұрақтарына тыңғылықты  жауап беруге тырысты. Онлайн сұхбат соңында кітапхана қызметкері Айман Серғазықызына  алғыс білдірді,  ал қонағымыз өз тарапынанда  балаларды қорғау күнімен құттықтап,  ризашылдығын білдірді.