Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 12

Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Тамыз айының он екінші жұлдызында Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген «Жастықтың оты жалындап» жинағына енген ақындармен онлайн кездесу өткізу жобасы аясында, жас ақын Біржан Ахмермен @semeybib инстаграм парақшасында сүбелі сұхбат құрды. Сұхбат барысында жас ақын Абайдың 175 жылдығы қарсаңында шыққан «Бес асыл іс» кітабы туралы айтты. Абайды жас буын санасына сіңірудің жолдарын тілге тиек етті. Әдемі ойлармен өрілген сұхбат ақынның әдебиеттегі жолы, өмірдегі жолы туралы әңгімемен жалғасып, тамылжыған лирикалық өлеңдер оқылды. Тыңдармандардың сұрақтарына шынайы жауап беріп, проза жанрында көргіңіз келмейме деген оқырман сұрағына «прозаға 40 жасқа таман беттейтін шығармын» – деп ағынан жарылды. Сөз аяғында ақын келешектегі жоспарларымен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ыстық сәлемін жолдады.