Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 21

Жидебайдың жұлдызды даласы: тікелей эфир

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының Fasebook парақшасында 20 тамыз күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында жазушы, ғалым-орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Борис Щербаковпен «Жидебайдың жұлдызды даласы» атты тақырыпта тікелей эфир өткізілді.

2020 жылы жазушының «Абай әлемі» кітаптар сериясы бойынша «Жидебайдың жұлдызды даласы» атты кітабы  орыс, ағылшын тілдерінде басылып шыққан болатын.

Тікелей эфир барысында Б.В. Щербаков «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының жазылу тарихымен таныстыра отырып, алдымен «Путь к Абаю» кітабының жазылғанын, соңынан 2 жылғы еңбектің нәтижесінде «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының жазылғанын атап өтті.

Автор бұл кітаптың Өскемен қаласынан Жидебайға дейнгі аралықтағы Абайға барар жолды оның жүріп өткен жолын көрсету мақсатында жолкөрсеткіш ретінде жазғанын атап өтті.

Тікелей эфир барысында Б. В. Щербаков қазақ даласының әсем табиғаты жайында айта отырып, Абай дәуіріндегі қазақ мәдениеті, қазақ халқының ән –күйге, дастан-жырларға  әуестігінің жоғары болғанын атап өтті.

Жазушы  Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары Күшікбай асуындағы мөлдір бұлақ, Еңлік-Кебек ескерткіші, Ералы жазығы, Архат тауы мен Үлкен және Кіші Орда таулары жайында  ерекше  сүйіспеншілікпен суреттеді.

Тікелей эфир соңында Б. Щербаков тыңдармандардың сұрақтарына жауап бере отырып, қазақ халқының байырғы тұрмыстық бұйымдарын сол қалпында сақтап қалуға мән беру қажеттігін, Жидебай мұражай үйін Абай заманындағыдай сақтап қалу қажеттігіне тоқталды. Автор эфир соңында қазіргі таңда қандай шығармашылық жоспарларыңыз бар деген сұраққа «Коктау – край озерного Синегорья» атты жаңа кітабын аяқталуға жақын екенін айтып өтті.