Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 02

Жастықтың оты жалындап: Азамат Қажыбаймен онлайн жүздесу

2020 жылдың 2 қыркүйегінде ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының инстаграм желісіндегі @semeybib парақшасында тікелей эфирде жас ақын, әртүрлі деңгейдегі жыр додаларының жүлдегері, «Жастар жылы» қарсаңында жарық көрген «Абай әлемі» басылымындағы «Жастықтың оты жалындап» жинағына өлеңдері енген автордың бірі Азамат Қажыбаймен онлайн жүздесу өткізілді.
Сұхбат барысында жас ақын өзінің туған жері, ақындық қасиет кімнен дарығаны, өзінің пір тұтатын ақындары жайлы айтып берді. Сонымен қатар Абайдың қорық-мұражайының қызметкері ретінде «Абай тойы» жайлы да сөз қозғалып, жас ақынның пікірі тыңдалды.
Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзі сүйіп оқитын кітаптарымен бөлісті.
Байланыс барысында өз шығармашылығынан бірнеше өлеңдер оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.