Кітапхана жауһарлары: ретро – көрме

18.04.17

18 сәуір күні Абай атындағы кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай “Кітап апталығы” басталды. Іс-шаралар циклын кітапхананың сирек қорындағы бірегей кітап жәдігерлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Кітапхана жауһарлары» тақырыбындағы ретро – көрме ашты. Көрмеде XVIIІ ғасырдың соңы мен XIX ғасырда жарық көрген, Абай заманынан бастап кітапхананың қорында жинақталған сирек басылымдар, қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтың, Ж.Ақбаевтың ғылыми еңбектері, императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің «Запискилері…», өлкені зерттеушілердің еңбектері, Батыс Еуропа ойшылдары Спенсер, Льюис, Милль, Дарвиннің шығармалары көрініс алды. Көрмеге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған әлем әдебиетінің үздік туындылары Ф. Шиллер, У.Шекспир, Байрон, Гете және А. С. Пушкин мен Л.Н.Толстойдың, ағылшын ақын жазушысы Джон Мильтонның “Потерянный и Возвращенный Рай”, Бөкей ордасы мен Семей жәрмеңкелері туралы мәліметтер жазылған «Живописная Россия», 1881 ж. Қазан – Санкт-Петербургте шығарылған “Құран”, әлем халықтарының тіліндегі Абай шығармалары мен басқа да сирек кездесетін басылымдар болды.