Әуезовтің шығармашылығы

s01    «Көксерек» повесі – тақырып жағынан оқшау тұрған шығарма. Әлем әдебиетінде қасқырдың, жалпы аң-құстың «психологиясын» беру дәстүрі бар. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы – мәңгілік тақырып. «Көксерек» повесі осы тақырыпта қазақ ұғымы, тірішілік таным тұрғысынан келіп, әлем әдебиетіне тың көркемдік құбылыс ретінде қосылған шығарма болды. Кейін Ш.Айтматов, М.Мағауиннің т.б. шығармаларында бұл дәстүр жалғасын тапты. «Қилы заман» шығармасындағы эпикалық ауқымдылық, кейіпкерлердің психологиялық сезім толқыныстарының тереңдігі, характерлердің әлеуметтік қақтығыстар тұсында құбыла дамуы, азаттықты аңсаған халық рухы, ұлы жазушының күрделі тақырыптарды игеру шеберлігін, кең тынысты қарымын танытты.

Жазушы қандай тақырыбын жазса да адам психологиясын, оның қабат-қабат астарын терең аша отырып, қазақ әдебиетінде сол кезеңде жиі көтерілген тақырыпты мүлде жаңа қырынан, өзшеге шеберлікпен игерген.

Сонымен, қорыта айтқанда М.Әуезов – ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы. Ғұлама ойшылдың дүниетанымының тереңдігі, өзгеше ойлау стилі мен ойлау әдісі кейінгі ұрпақтарды да тәнті етеді.

Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы – тек көркем шығарма емес, ұлтымыздың болмысы мен дәстүрлі тұрмысын көркем оймен кестелеген, дала тарихы мен философиясы тұнған дала дастаны. Шығарманың характері мен тіл тәрізді портрет жасаудағы жазушының өресін, қабілетін танимыз. Оның заңдылығы – шеберлікке, әдебиеттің өркен жаюына мықты басқыш. Эпопеяға басты кейіпкер етіп тарихи тұлғаны ала отырып, тұтас бір халықтың болмысын тереңнен қопара бейнелеу – әлем әдебиетіне қосылған ерекше көркемдік әдіс болды. М.Әуезовтің портрет жасау шеберлігінің үлгісі бүгінгі әдебиетке әсерін тигізді. Шығармаларындағы бейнелерді сан бояумен құбылтып, түрлендіріп шеберлікпен бере білу кеңінен өріс алды, өмірге қилы мінезді, алуан келбетті кейіпкерлер келді. Әсіресе, портреттің өрелі түрі- психологиялық портрет өркен жайды. Жазушының портрет жасау жолдары, әдіс-тәсілдері, форма-түрлері көбейді.
Әуезов кейіпкерлерінің сырт келбеті жан толғанысымен тұтасып, бүтін бір тартымды дүние жасайды, бірін-бірі толықтырып тұрады. Келбеті арқылы характердің қатпар-қатпар жан-дүниесі, жүрегінің дірілі шеберлікпен ашылады.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27