Әуезовтің шығармашылығы

s14    Қаламгер ел басына күн туғанда оның басы-қасында кімдердің болғанын тебірене жазады. Патша жарлығына, қарулы әскерге көтерген күштердің рухани әлемін, жігер қайратын талдай суреттейді. Түрлі әлеуметтік топтардың алуан түрлі мақсаттары көрсетіледі. Мысалы, «Кешеден бері әншейінде пысықсып, тілмарсып жүрген Албан ішінің үлкен-кішісі, жақсы-жамандарының бәрінің де сөздерін естіп шықты. Бірде бірінің сөзінде түпкір өріс жоқ.Істейтін істің ем домы жоқ. Құр ғана Албанның өткен күні пәлен еді, бүгін мұндай апат келді, ауыр күн туды, ақыр заман болды дегеннен басқа, құр зарлағаннан басқа ештеңе айтпайды.

Жоғарыдағы Ұзақ батыр бейнесінің кейбір суреттері мен астарларына оралайық. Алғаш сөз алатын Жәмеңкеден кейін, толғаныста жүрген Ұзақ батыр ақтарылды. Оның сөзіндегі ойлары ірі. Ел басына орнай қалған қилы заман бүгін ғана туған жоқ. Ер азамат арқасына аяздай батқан қасірет батыр арманымен де қабаттасады. Батыр қарулы әскерге қарсы шыққалы отырған ел әрекетіне емес, оның намысының оянғанына, соны қартайған шақта өзінің көргеніне қуанады.

М.Әуезов ұнамсыз кейіпкерлерін дәстүрлі әдебиеттегідей бірден ұнамсыз қалыпта бейнелеуге тырыспайды. Оның ішкі құлқы мен сыртқы түрі арасындағы алшақтықты тура немесе жанама мінездеу арқылы да айтады. Бойға сіңген дағды бойынша қызметке кіріскеннен бергі көздеген нысана мал мен атақ, жылы, жайлы орын табуға ғана арналғандықтан , бұнда да сырт көрінісі болмаса, ішінде құралған негізгі пікір, бағыт жоқ еді. Ел қамы, көп мұңы дегеннен, «қалың жұрт тұрмысына жайлы, жайсыз болар ма? – деген сұрақтардан бұның басы да, жүрегі де аман болатын.

Жазалаушылар Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкірлерді абақтыға қамап, көтерілісті басшыдан айырып, олардың тобын ірітпекке қадам басқан. Ашық өлтіруге халық қаһарынан қорқып, Жәмеңкенің тамағына у қосқызады. 75 – тен асқан бас қарияның азапты өлімін суреттейтін беттерді оқығанда, төбе құйқаң шымырлап, жүрегің сыздағандай болады.

Құлазып елсіз қалған жайлау, иесіз қалған мал-мүлік жайында жазушы щығарманы төмендегідей аяқтайды. «Артында қара түтін боп жәрмеңке қалды. Иесіз болып қаңырап Алатаудың жайлауы қалды. Кіндігін кескізіп, кірін жуған момындық күні қалды. Албан албан болғалы қыстың жұтын, жаздың індетін көрсетпеген, жер кіндігі – ата қоныс мекені қалды. Тау-таудың саласындағы иесіз шулап, қора-қора қой қалды. Тау толған арқар, бұғы, елік, қарақұйрық, таутекедей жабайы, жайын көршілері де қалды. Алдында белгісіздікке толған тұманды күндері құшағын жайды. Артына нәлет айтып, алдына қарай жол тартты».

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27