Әуезовтің шығармашылығы

s14    М.Әуезов «Қилы заман» романында характерлер жасау жолында портрет пен мінездеудің, жинақтау мен даралаудың қазақ әдебиеті үшін дәстүрлі жаңа үлгілерін де шығармашылық талантпен меңгере қолданады. Ірі характерлер сомдау жолында қаламгер қолданатын әдіс тәсілдер шығармада салалас, сабақтас сюжеттердің аралас келуі, шеберлікпен қолданылуы көркем мазмұнды романдық хронотопта жан-жақты және тереңдей, көлемді бейнелеуге негіз жасаған.

Үлкен табыс – жазушының өрнекті, бейнелі көркем тілі. Автор диалогқа драмалық жүк артады. Олар мінез қырларын жақсы ашқан. Көпшілік сценаларында бірер диалогтың өзімен–ақ әртүрлі психологияның тамырын басып қаламыз. Шығармада Жетісу табиғаты ерекше бір ілтипатпен, зор махаббатпен суреттеледі. Автордың Алатау өңіріне деген ыстық ықыласы пейзаждан сезіліп тұрады.

Данышпан жазушы М. Әуезовтің қазақ халқының осынау қасіретті, қан жұтып, қырғын тапқан қайғылы тарихы мен қаралы тағдыры туралы перзенттік ыстық ықылас, терең толғаныспен жазған қалың қыртысты, кең тынысты көркем полотносы – «Қилы заман» романы алғаш рет баспадан 1928 жылы шыққаннан кейін, араға елу жылға жуық уақыт салып, 1975 жылы ғана екінші рет қайта кітап болып жұртышылық қолына тиді.

Әдебиеттер тізімі:

Асаубаева А. «Қилы заман хикаясындағы қаһармандар хал-ахуалы» // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 1997.- №5-6.- 47-51 б.
Әбдібаев М. Үлкен өнер бастауында («Қилы заман» повесі жайында ) // Мәдениет және тұрмыс. – 1977.- №8.- 10-11 б.
Әлдібаев Ә. Мен білетін бейнелер немесе «Қилы заманда» кімдер суреттелген // Қазақ әдебиеті .- 1981.- 15 май.
Бердібаев Р. Суреткер ерлігі: «Қилы заман» романының жарық көргеніне 60 жыл // Қазақ әдебиеті .- 1987.- 18 сентябрь.
Бисенғали З. «Қилы – заман» ұшыраған зобалаң // Абай .- 1997.- №2-3.- 42-46 б.
Жұртбаев Т. Қилы заман қалай жазылды? // Лениншіл жас.- 1990.- 28,29,30 тамыз.- 3 б.
Нұрғали Р. «Қилы заман» қандай туынды // Қазақ әдебиеті .- 1967.- 1 қыркүйек.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27