Әлеуметтік-саяси көзқарастары

s18   Шәкәрімнің поэзиясы мен философиясы өткен, бүгінгі ұрпақтарының ғана емес, келер ұрпақтардың рухани тірегі, білімі мен адамгершілік бұлағы болып кала береді. Себебі, Шәкәрімнің түпкілікті мақсаты – адамды жөндеу, елді жөндеу, қоғамды жөндеу. Ол осы мұраттарды уағыздап қана қоймайды. Шәкәрім өзі айткан идеяларға жетудің нақты жолдарын да нұсқап отырады. Ақын елді кері кетіретін, адамдардың ізгілікке ұмтылыстарын аяққа таптайтын қазақ қауымының рухани азғындалуы деп біледі.

Шәкәрім мүраларының бүгінгі елге, келешек ұрпаққа берері көп. Себебі, ақын адам, адамзат жэне қоғам үшін қажетті мәселелерді көтере алған. Сөз жоқ ақынның көптеген шығармаларында қазақ халқының өркениетті адамзат көшіне қосылуы мәселесі жырланады. Дамыған халықтар сан өнерге ие. Қазақ соларды білсе, үйренсе ғылым мен білімнің не берерін түсіне алар еді. Әсіресе, әлемдік гуманистік ойдан ғибрат алудың қазақ қоғамының рухани келбетін жақсартатынын ескертеді. Басқа халықтардың өнегелі үлгісін алу арқылы ғана ел адамгершілікке жақындап адал өмір сүруді үйренеді.

Шәкәрім, эрине, нарықтық қатынастар жағдайындағы адамның кәсіптік сапаларын даралап айтуды мақсат тұтпаған. Бірақ та ақынның көптеген ойлары адамның біліктілігі мен кәсіпкерлігіне байланысты. Ақын адамның білімінің, ғылымның, кәсіпкерлігінің критерийі оның іс-әрекеттерінің нэәижелігі, – деп есептейді. Еңбек шыдамдылықты, төзімділікті қалайды. Олай болмаса істе нәтиже жоқ. Сонымен бірге әр істе ептілік керек. Адамдардың барлығының адал еңбек етуі, қызметін адал аткаруы өмірдің жолға түсуінің кепілі. Барлығы адал, іскерлікпен, басқаны алдамай қызмет етсе, елде қайғы болмайды. Өмір ашық, адамдар көңілді болады. Қара жерді сауа білсең, барлық халыққа жетер байлық бар. Мәселе, осы байлықты өнермен, ақылмен, адалдықпен пайдалана білуде, – деп үйретеді Шәкәрім.

Ақын өмірдің көлеңкелі, қайшылықты құбылыстарына көп үңіледі. Ешбір мемлекет өзгеге жақсы бола койсын демейді. Әділдік, жақсылық көбінесе ұран, сөз болып қалады. Өзінің қамы үшін мықты мемлекеттер әлсіз елдерді ұдайы талап келеді. Сондықтан әр халық өз еңбегімен адал жолды таңдасын. Барлық халықтар мен мемлекеттер жасампаз еңбек пен әділет жолын таңдаса ғана адамзат тыныштыкка кенеледі, – деген ғаламдық ойды Шәкәрім көптеген шығармаларында қайталап ескертіп отырады.

Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, – деп өкінеді ақын ”Қазақ айнасы” деп аталатын өлеңінде.

Беттер: 1 2 3