Шәкәрімнің поэзиясы мен философиясы өткен, бүгінгі ұрпақтарының ғана емес, келер ұрпақтардың рухани тірегі, білімі мен адамгершілік бұлағы болып кала береді. Себебі, Шәкәрімнің түпкілікті мақсаты – адамды жөндеу, елді жөндеу, қоғамды жөндеу. Ол осы мұраттарды уағыздап қана қоймайды. Шәкәрім өзі айткан идеяларға жетудің нақты жолдарын да нұсқап отырады. Ақын елді кері кетіретін, адамдардың ізгілікке ұмтылыстарын аяққа таптайтын қазақ қауымының рухани азғындалуы деп біледі.
Шәкәрім мүраларының бүгінгі елге, келешек ұрпаққа берері көп. Себебі, ақын адам, адамзат жэне қоғам үшін қажетті мәселелерді көтере алған. Сөз жоқ ақынның көптеген шығармаларында қазақ халқының өркениетті адамзат көшіне қосылуы мәселесі жырланады. Дамыған халықтар сан өнерге ие. Қазақ соларды білсе, үйренсе ғылым мен білімнің не берерін түсіне алар еді. Әсіресе, әлемдік гуманистік ойдан ғибрат алудың қазақ қоғамының рухани келбетін жақсартатынын ескертеді. Басқа халықтардың өнегелі үлгісін алу арқылы ғана ел адамгершілікке жақындап адал өмір сүруді үйренеді.
Шәкәрім, эрине, нарықтық қатынастар жағдайындағы адамның кәсіптік сапаларын даралап айтуды мақсат тұтпаған. Бірақ та ақынның көптеген ойлары адамның біліктілігі мен кәсіпкерлігіне байланысты. Ақын адамның білімінің, ғылымның, кәсіпкерлігінің критерийі оның іс-әрекеттерінің нэәижелігі, – деп есептейді. Еңбек шыдамдылықты, төзімділікті қалайды. Олай болмаса істе нәтиже жоқ. Сонымен бірге әр істе ептілік керек. Адамдардың барлығының адал еңбек етуі, қызметін адал аткаруы өмірдің жолға түсуінің кепілі. Барлығы адал, іскерлікпен, басқаны алдамай қызмет етсе, елде қайғы болмайды. Өмір ашық, адамдар көңілді болады. Қара жерді сауа білсең, барлық халыққа жетер байлық бар. Мәселе, осы байлықты өнермен, ақылмен, адалдықпен пайдалана білуде, – деп үйретеді Шәкәрім.
Ақын өмірдің көлеңкелі, қайшылықты құбылыстарына көп үңіледі. Ешбір мемлекет өзгеге жақсы бола койсын демейді. Әділдік, жақсылық көбінесе ұран, сөз болып қалады. Өзінің қамы үшін мықты мемлекеттер әлсіз елдерді ұдайы талап келеді. Сондықтан әр халық өз еңбегімен адал жолды таңдасын. Барлық халықтар мен мемлекеттер жасампаз еңбек пен әділет жолын таңдаса ғана адамзат тыныштыкка кенеледі, – деген ғаламдық ойды Шәкәрім көптеген шығармаларында қайталап ескертіп отырады.
Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, – деп өкінеді ақын ”Қазақ айнасы” деп аталатын өлеңінде.
Шәкәрімнің көптеген шығармаларында еңбек ету идеясы, іскерлік пен жаңашылдықтың пайдасы туралы идея бірінші кезекке шығарылады. Байлық пен игіліктер адам өмірі үшін қажет. Байлықтың мәні мақтаныш емес. Байлық адамның жанына қызмет жасайды. Байлық болса адам басқаның қолынан қол үзбейді. Байлық адамға еңбекпен, маңдайдың терімен келсе ол әділетгің, ардың, ғибадаттың тірегі. Байлықтың жақсылық болуы байлықты жасайтын адамның жақсылығына тәуелді. Зорлықпен, арамдықпен, алдаумен келетін байлық елге келетін жаманшылықтың көзі, – дейді Шәкәрім ғұлама.
Шэкэрімнің әлеуметтік көзқарастарының ауқымы кең. Ақын халықты тәрбиелеудің, біліммен адамгершілікке тартудың нақты жолдарын көрсетеді. Сондықтан қазақ ұлтын топтастыратын, өркениетке бағыттайтын адамгершілік идеологиясын Шәкәрімнің шығармашылығынан табамыз. Оның шығармашылығының идеялық, поэтикалық куаты ақынды ұлттың ұстазы деңгейіне көтерген десек артық бағалау емес. Оған дәлел, қандай құбылыс болмасын Шәкәрім жеңіл қарамайды, оңай баға бере салмайды. Құбылыстың өзгермелі өмірімен байланысы, оның қоршаған қоғамға әсері, келешекке тигізер ықпалы мен салдары тереңнен сарапталады. ”Мақтау мен сөгіс”, ”Мінеу мен күндеу” күнделікті тіршілікте әрбір адамның басында болатын жағдайлар. Бір қарағанда тайға таңба басқандай анық дүниелер сияқты. Ал, Шәкәрім осы құбылыстарды әлеуметтік руханилық категориялар деңгейінде бағалайды. Қарапайым құбылыстардың халықтың моралдық келбетіне, қоғамның рухани ахуалына өшпес іздер қалдыратындығын көрсетеді.
Әрине, мақтаулы болған жақсы, сөгіс адамды тұқыртады. Шын мақтау бар, өтірік мақтау бар. Адам ақылдылар сүйсінетін іс істей алса шын мақтаныш. Надандар жамандай берсін. Надандардың жаласынан сіз төмен кетпейсіз. Білімділер, адал ниеттілер ісіңді қаламаса, саған ренішін білдірсе шын сөгіс осы. Халықтың көпшілігі надан. Сенің істерің көп наданға ұнамаса, аз жақсыға ұнасын. Сонда осы міндеу мен күндеуден де қорықпайсың. Шындықтың да табиғаты күрделі. Бүрынғылар үшін шындық болған нәрсе бүгін шындық болмай қалуы мүмкін. Қазір шын деп отырғанымыз қате шындық шығар. Бірақ түбінде барлығынан құнды анық шын бар екендігі де ақиқат. Шәкәрім осы өлеңінде дұрыс, тура жолдағы қоғам орнату үшін шындықтың табиғатын, генесологиялық тамыры болудың қажеттілігін дәлелдейді.
Ақын сөз жоқ өзі өмір сүрген қитұрқы қоғам туралы айтып отыр. Социализмді адамзат арман қылды. Бүл қоғам нағыз шын қоғам, әділетті қоғам болып көрінді. Ал жеңіске жеткен социализм өзі туралы шындықты жоқ қылды. Бүл қоғам қате қоғам, оның шындығы да қателі шындық. Сондықтан бұл шындық адамзатқа берілген у іспеттес. Жақсы деп, тура жол деп қате жолды таңдап отырмыз деп меңзейді ойшыл ақын:
Көп сөз айтқан бұрынгы білімділер,
Пайдалансын, шын деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талантты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.
Олай емес, ойласаң, талай мін бар,
Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.
У берді ме, сусын деп, су берді ме,
Көзің жұмда жұта бер деген кім бар?
Бір қарағанда қарапайым айтылған сөз, қатардағы өлең. Шындығы тереңде. Ұлттың әлеуметтік тәжірибесіне қатысты. Адамның білімі теңіздей болып жинақталған. Бірақта, соның барлығы қазаққа қажет пе, пайдасы бар ма? Бүгінгі үрпақ пайдалысын, тек ұлағаты турасын ғана пайдаланғаны жөн. Білім екен деп, тарихи тәжірибе екен деп көзсіз откеннің тәжірибесін пайдалана беру қауіпті. Өткен ұрпақтар біліміне сын көзбен қарап талдау абзал. Пәлен деген ақылды айтқан екен деп бас ұра берсек біз мінді, қатені түсінбейтін, көрмейтін кейіпке келеміз. Ақын өзінің шығармашылығына да халықтың сын көзбен қарауын, жүректің таразысынан өткізуін қалайды. Мінді түзеу, қателікті түзеу өткенді қирату емес, оны сараптау, таразылау. Жақсысы, пайдаға асатыны бүгінгі күнге жұмыс істейді. Ондай білімді, ондай тәжірибені жаңартып, өңдеп бүтінгі күн талаптарына сай пайдаланған жөн.
Шәкәрімнің әлеуметтік мәселелерді көтеруі оның саяси даму туралы пікірлерімен ұласады. Ақынның ерекше көңіл бөлетіні халық психологиясы, тобырдың мақсаты. Қазақ халқы бірліктің қажеттілігін өз мүддесі үшін топтасудың қажеттілігін, ортақ сөзбен пәтуаға келу қажеттілігін ұқпай-ақ қойды, – деп қиналады Шәкәрім ”Насихат”өлеңінде. Қазақ қоғамы отаршылдықтың, басқа халықтың диктаттық саясатының нәтижесінде моралдық деградацияға ұшыраған халық. Елеуреп, даурыққан кезде қазақ бұрынғыдай ақылды, әділ сөзге тоқтамайды. Ел бұзылған кезеңде оған үлгі боламын деу, оны тезге салам деу, жақсылыққа шақырам деу бос әурешілік. Қазақтың бір жақсысы екінші жақсының сөзін тыңдамайды. Халық бірін- бірі аңдиды. Қоғамдағы әділетсіздіктің күші сондай адалдық жолы болған емес. Қоғам адасты, қоғаммен бірге халықта адасты. Адасқанын түсініп отырған жұрт жоқ. Шәкәрім тек қоғамның жалғандығын, оның халықты да жалғандыққа бастап отырғандығын айтады. Халық ұлттық құндылықтарынан айырылған. Сол себепті ол жақсылық пен жамандықты айырмайды. Зұлымдық пен өтірік, зорлық пен мақтан билеген заманды тудыратын да билік. Оған халықтың тоз-тоз болып, бірімен бірі алысқаны жақсы, бірін-бірі жек көргені жақсы. Ондай халықты басқару оңай, қорқытып үркіту оңай. Сондай қиын, әділетсіз заманда жүректегі тазалығын сақтаған, зүлымдықтан қашқан, ешкімге қиянат жасамайтын адамдар әулиеден кем емес, – деп есептейді Шәкәрім.
Ақын өмір трагедиясын, қайшылықтарын қаншама сынағанымен, қиналғанымен болашаққа үлкен оптимизммен карайды. Шәкәрім қазақ халқын жөндей отыра әлем халықтарын тәрбиелеуге үлес қосатынын сезінеді. Ол өз ұлағатының, өмір жайындағы философиялық толғауларыныц адамзатты ізгілендіру ісіне қызмет ететінін білген. Оның шығармашылығындағы өзскті түйін – адам мәселесі. Адамды жөндеу арқылы, оның ойы мен білімін, әрекеті мен мінезін жөндеу арқылы мемлекетті және қоғамды жөндеуге болады деп біледі Шәкәрім.
Қоғамның жаңаруы ғылым мен білімге тәуслді. Оларға негізделген мемлекет пен басқару жүйесі де дұрыс болады. Хақиқатқа, әділетке халықты бірлік пен талап қана тарта алады. Халық әділеттілік жағында болса ол өнерді, еңбекті, жаңашылдықты таңдайды. Адамзат бірінен-бірі артық емес халықтар. Олардың өзгешілігі өнер, білім, ғылымды, техникапы игеруінде. Сондықтан казак өнегелі халықтардан үйренуі керек деген өсиет айтады. Табиғат байлықтары, жер қойнауы барлық халықтарға аздап бөліскенде ғана жетеді. Сондықтан мемлекетаралық, ұлтаралық қарым-қатынастарда әділетті, сенімді, адамзаттың ортақ мүдделерін бірінші кезекке кою қасиет деп есептейді ойшыл ақын.
Қүдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер.- Алматы: Жазушы, 1988.- 560 6.
Баймұханов Т. Шәкәрімнің әлеуметтік-саяси көзқарастары // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №1. -117-121 б.
Борбасов С. Шәкәрімнің әлеуметтік-саяси көзқарастары // Жалын. – 2006. – №4. – 14-16 б.
Тұматаева А. Шәкерімнің теңсіздік пен әділетсіздікті сынауы : [Қазақ ойшылының еңбектері туралы] // Қазақ тарихы. – 2001. – №3. – 46-50 б.
Тұматаева А. Шәкәрім және саяси-құқықтық ой-пікірдің қайраткерлері // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. – №12. -27-28 б.