Әдебиет (А-Ә)

65Асылбек Еділ

Еділ Асылбек – Семей қаласында 1953 жылы 8 шілдеде туған. Семей педагогикалық институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.Еңбек жолын ауыл мұғалімінен бастап, облыстық «Семей таңы» газетінде, республикалық «Абай» журналында, ТВК-6 телекомпаниясында журналистік қызмет атқарған. «Казахстанская правда» газетінің Семей облысы бойынша тілшісі, облыс және қала әкімдерінің баспасөз хатшысы, қалалық қоғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бастығы болып еңбек етті.

Өлеңдері 1968 жылдан жергілікті және республикалық газет, журналдарда жарияланып келеді. Жырлары «Мерейлі мекен» (1992 ж.), «Шабыт қайнары», «Аlma matег» (2004 ж.), «Семипалатинская лира» (2005 ж.) жинақтарына енген. Жұртшылыққа қазақ тілінің жанашыры, өнер мен мәдениеттің қолдаушысы ретінде есімі кеңінен таныс. Еділ Асылбектің, 2005 жылы Новосібір қаласынан шыққан «Көгілдір менің биігім» атты жеке жыр кітабы жарық көрді. Бұл кітабына әр жылдары жазылған өлеңдері, аудармасы және әңгімесі енген. Сонау 1980-ші жылдардың басында ақын Қадыр Мырза Әлі жоғары бағалап, шығармашылық жолына сәттілік тілеген ниетінің аяқталғанын осынау кітаптан аңғаруға болады.

Өлеңдері республикалық және жергілікті басылымдарда 1965 жылдан жарық көріп келе жатқан Еділ Оразбекұлының бұл кітабынан жырларымен бірге «Көрші қыз» атты әңгімесін, отызға жуық аудармаларын оқуға болады.

Әдебиеттер:

Асылбеков Е. Қайта айналып келген бе, жырым маған… (Өлеңдер) // Семей таңы.-1993.-17 сәуір.
Асылбеков Е. Күзгі бақта; Алғашқы достарым: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1988.-28 январь.
Асылбеков Е. Алтын күз, алау сезімдер: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1980.- 9 октябръ
Асылбек Е. Әпке туралы ән: (әні: Қ.Омаровтікі) // Семей таңы.-2006.-2 наурыз.
«Көгілдір менің биігім» // Ертіс өңірі.-2006.-б сәуір.-29 б.
Мұхамедова Р. Ақындықтың суынан нәр алған // Семей таңы.-2002.-5 шілде.-9 б
Рымжанов Т. «Жастық шағым – сұлу көктем» : ақын Е. Асылбектің «Көгілдір менің биігім» атты жыр кітабы хақында// Семей таңы.- 2010.- 14 қаңтар.- б.9.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7