35   Әнімен де, жырымен де, тарихи ескерткіштерімен де әйгілі Семей өңірінде, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған ұлылардың ізі қалған қасиетті мекенде дүниеге келген және туған жерінде еңбек етіп жатқан, туған жердің атағын аспандатып, шар тарапқа танытып жүрген небір мықты әнші дүлдүлдеріміз әсем дауыстарымен, сырлы да сазды әндерімен елін, жерін сүйсінткен мақтан етерлік сазгерлеріміз бен суретшілеріміз тұлға мүсіндерін сомдауда, көне Семей, оның тар көшелерін, тарихи орындарын бейнелеуде абыройлы істер атқарды. Олардың Семейге берері де, қарт Семейден алғандары да мол. Олардың қатарында: Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Теміржан Базарбаев, Келденбай Өлмесеков, Тұрсынғазы Рахимов, Нұрбұлан Өтепбаев, Мұратбек Жанболатұлы сынды азаматтардың еңбектері ерекше.

Сайттың «Өнер» бөлімінде – туған жерді ән-жырға қосып, суретпен, мүсінмен бейнелеуді өмірінің өзегі еткен өнерлі жандардың өнегелі өмірі мен ерен еңбектері туралы кітапхана қорынан алынған мол мағлұматтар ұсынылады.