Әдебиет (Н-О)

25Нұршайықов Әзілхан

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов Жарма ауданының Ақбұзау ауылында туған (1922 2011). Бала Әзілхан ауылдағы орта мектепті бітірген соң, Алматыға тау-кен институтының жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, бір жыл оқыған соң бұл оқуын тастап кетеді. Орысша бір ауыз білмейтін ауыл баласы осылай істеуге мәжбүр болады. «Келесі жылы жұмысшы факультетімен қоштасып, Семей қаласындағы Абай атындағы педучилищеге барып түстім»-деп жазады жазушы өзінің әйгілі «Автопортретінде».
1941-1945 жылдарда Қызыл Армия қатарында болды.. Майданда жүргенде де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстап жүрді. Өзінің жауынгер жолдастарының майдандағы ерліктерін мадақтап, үнемі өлеңдер, очерк, мақалалар жазып жүрді. Олар майдан газеттерінің, республикалык газет беттерінде жарияланып түрды.
Ең алғаш енбек жолын мұғалімдіктен бастаған жазушы бұрынғы облыстық «Екпінді» газетінде (қазіргі «Семей таңы»), республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Соц.Қазақстан» газетінде, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде қызмет етті. «Нұршайықов – әдебиеттің әңгіме, повесть, новелла секілді шағын жанрларында жарқ етіп керініп, өнімді еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаббат жыры», «Әсем», «Ботагез» атты лирикалық повестер — бүгінгі прозаның аясына өзінше жаңа леп, жаңа бояу қосқан шығармалар» (Қазақ өдебиетінің тарихы, 1967, ЗтомДЗІ б.)
1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат қызық мол жылдарды» жазып бітірді. Роман кезінде әр жастың жастығының астынан түспейтін болды. Әрбір жас осы романның рухымен тәрбиеленді. Бұл кітап казір де оқушы қауымның қолынан түскен жоқ. Романның негізгі мақсаты – адамгершілік, эстетикалык тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш ету. «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» – деп ұлы Абай айтқандай, жазушы шығарма оқиғасын махаббат төңірегінде құра отырып, жас кейіпкерлердің сүйіспеншілік қасиеттерін ашып көрсетеді. Романдағы Ербол, Меңтай, Жомартбек, Тана, Майра бейнелері арқылы әр адамға өмірді дұрыс түсіне білуге ой салатындай жан тебірентерлік шығарма.
Бұл роман ешқандай «жалаңаштанбай» қазақи мінезімен суреттелген, лайланбаған тұнық роман.
Атақты «Ақиқат пен аңыз» атты романда қазақ халкының қаһармандық бейнесін көрсету үшін даңкы аңызға айналған Бауыржан бейнесімен ғана шектелмей, аспан тәңірісі Талғат Бигелдиновті, фашизм ордасына алғаш ту тігуші Р.Қошқарбаевты, партизан Қ.Қайсеновты келістіре суреттейді.
1985 жылы қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы «Екі естелікті» жазды.
Ғажайып сөз зергері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мем-лекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы әскери әдебиет Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Ә.Нұршайықовтың «Ұлыма», «Монолог», «Майдан жазбалары», «Автопортрет» атты туындыларынан басқа жастардың адал достығы мен махаббаты туралы «Махаббат, қызық мол жылдар», жауынгер-жазушы Б.Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Ақиқат пен аңыз» романдарымен-ақ белгілі тұлғалардың легіне енген. Жазушыға «Ақикат пен аңыз» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық берілген. Ә.Нұршайықов алғаш публицист ретінде танылып, кезінде әйгілі қаламгерлер сапына «Алыстағы ауданда» атты деректі повесімен қосылған жаңашыл жазушы екені мәлім.
Жазушының айтуынша, ол өзін бірінші — журналистпін екінші – жазушымын деп санайды.
Жазушы тек көркем шығармалар жазып қана қойған жок,1987 жылы «Өмір өрнектері» атты әдеби күнделігі шықты. Сонымен қатар, «Қаламгер және оның достары» атты әдеби еңбектерімен де таныс. Кітапта өз замандастары туралы да, сонымен қатар: М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, Ыбырай Жақаев сияқты алыптар туралы да жазды.
«Мен отыз шақты кітап жазған жазушымын. Соның ішінде мұра боп қалады-ау дейтін дүнием екеу. Оның бірі – «Махаббат, қызық мол жылдар», екіншісі – осы «Ақиқат пен аңыз». Оқырманым үлгі алатын кейіпкерім де екеу. Бірі – Меңтай, бірі – Баукең» -дейді жазушы (Қазақстан сарбазы,2002,13.12)
Әзілхан шығармашылығын тұтастай алғанда, бүгінгі күннің шындығын жырлаушы екенін білеміз. Оның ішінде әсірелегені де, қанын шығарып айтқаны да, ашқаны да бар, өмір жүрегінің соғысын дөп басып жатқандары да бар. Шынайы өмірден шынайы шығарма туады. Қазақстанның Халық жазушысы Әз-ағаның әр шығармасын оқып, біліп отыруымыздың өзі зор қуаныш.

Әдебиеттер:

Нұршайықов Ә. 4 т. Шығармалар жинағы . -Апматы: Жазушы, 1992 Т.1:Роман,повестъ және әңгімелер.-432 6. Т.2:Роман, майдан жазбалары мен эссепер.-448 б.
Нұршайықов Ә.Ақиқат пен аңыз:Роман-диалог.-Алматы:Жазушы,1976.- 384 б.
Нұршайықов Ә. Екі естелік : М. Әуезов пен С. Мұқанов туралы хикая, эсселер. -Алмат ы : Жал ын, 1985. -176 б.
Нұршайықов Ә. Қаламгер және оның достары: Эпистолярлық роман.- Алматы: Өлке,2000.-440 б.
Нуршайыцов Ә. Мен: Ғүмырнамальщ роман// Жулдыз. -1998.-№8,.-4-91 б; №9.
Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер.-1-кітап.-Апматы: Өлке,2000.-608 б.
Нұршайықов Ә. Өткелдер:Өмірбаяндық роман//Жұлдыз.-1997.-№2.-27- 63 б.;№3.-45-46б.
Нұршайықов Ә. Оққа ұшқан газет // Дидар.-2001.-16 қазан
Нұршайықов Ә. Халима: Мәңгілік махаббат жыры // Семей таңы.- 2002.-9 мамыр
Нұршайықов Ә. Мен Семейге тағы да келдім: Жазушының Семейдегі қызмет еткен жылдары // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-4 б.
Бапанова Ә. «Махаббат, қызық мол жылдар» Абай театрында қойылды // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-10 б.
Бапанова Ә. «Қызыл көрпе» – махаббат гимні: әнін жазған Т.Рахимов // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-10 б.
Әз-аға сексеннің сеңгіріне шықты//Семей таңы.-2002.-27 желтоқсан.
Зүкенов М. Тана — Тұрсын: (жазушы кейіпкері туралы) // Семей таңы.- 2003.-7 наурыз.-4 б.
Елеукенова Ш. Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы// Қазақ әдебиеті.- 1992.- 4 желтоқсан.-4 б.
Өмірден үлкен ұстаз жоқ: Ә.Нұршайықовпен сұхбат// Егемен Қазақстан.-2003.-29 қаңтар
Кәкішев Т. Шынайы өмір жыршысы// Қазақ әдебиеті.-1992.-4 желтоқсан.-5 б.
Төлеуов С. Ақбұзауын аңсаған Әз-аға:(Семейдегі сапарын жазушы «Семей таңынан» бастады) // Семей таңы.-2003.-19-25 қыркүйек.-1.5 6.
Ыдырысов Д. Әз-аға және оның өмір өрнектері // Дидар.-2001.-12 маусым.-4 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8