Әдебиет (Н-О)

21Оспанов Мұратбек

Болашақ ақын Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында 1962 жылы туған. 1979 жылы орта мектепті бітірген соң аудандық «Совхоз туы» газетінде әдеби кызметкер болып бір жылдай қызмет етті. Ең алғашқы өлеңдері 6-класс оқып жүргенде «Шыңғыстау» газетінде жарияланды, студент кезінде жазылған өлеңдері 1987 жылы шыққан «Аудитория» атты жинаққа енгізілді.
1980 жылы Алматыдағы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Аралығында екі жыл әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуын жалғастырып 1987 жылы бітіріп шығады.
1980-90 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде Семей, Өскемен, Павлодар облыстарының меншікті тілшісі ретінде сол кездегі өзекті мәселелерде қалам тартқан ұтқыр журналист ретінде танылды. 1980-89 жылдары «Семей таңы» газетінде қызмет етті. М. Оспанов мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, өзі тұстас поэзияның жас жүйріктерімен жарысқа түсіп, қырланып та, шыңдалып та қалған ақын. Топтама жырлары жас ақындардың ұжымдық жинағына енді, Ақын өлеңдері халық көмейіндегі айтылмақ ойды дөп басады.
«Сандықтас» атты өлең жинағында:

Қалдырса деп бір мұра ұрпағыма,
Қамшы бастым талаптың тұлпарына,
Бар сырымды ішіне бүктедім де.
«Сандықтас» – деп ат қойдым жинағыма дейді ақын Мұратбек.

1985-87 жылдары республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болды.
1992 жылдан ақын республикалық «Абай» журналының жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, талантты журналист Мұратбек Оспанов өзінің өткір тіл, алғыр ойымен аудандық «Совхоз туында» тіл ашып, «Семей таңындай» қара шаңырақтан қанаттанып, «Жас алашта» жалындап жана білген қаламгер көркем сөзбен ғана емес, қараөлеңімен де мойындатып, оқырман жүрегінен жол таба білді.

Әдебиеттер:

Оспанов М. Сандықтас: (Өлеңдер, балладалар, толғаулар).-Алматы: Жанар, 1997.-155 б. Сапышев А. Төрт таған: (Ақынның 40 жасқа толуына орай) // Семей таңы.-2002.-2б сөуір.-12 Оспапов М. Көлеңкедегі көшет: Повесть // Жалын.-1992.-17маусым.
Оспанов М. Көзімнің алды көп емес…// Қазақ өдебиеті.-2004.-17 қыркүйек.-12 б.
Бәшей К. Жұлдыздардың жарығымен жыр жазған//Ертіс өңірі.-2004.- 2 желтоқсан.-16 б.
Мырзақанұлы М. Жерұйық//Ертіс өңірі.-2005.-9 маусым.-З 6.
Тастағанов М. Ақын елдің арадағы //Ертіс өңірі.-2005.-24 қаңтар.-27 6.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8