Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (С-Ы)

Сейсенұлы Дәулет

Жазушы-журналист Дәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалқ «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда «Ақиқат»журналында, еларалық «Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген. Соңғы жиырма жыл бойы, арасындағы бірер жылды есептемегенде, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі ретінде жемісті қызмет тақарып келеді.

Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді ««Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты. «Шежірелі Шыңғыстау» атты толғаужинағында Абай, шәкәрім, Мұхтар сынды тұлғалар туған өңірдің кешегі, бергі тарихы туралы соңғы жылдары жазылған әңгіме, толғау, очерктері тастырылған:

«Ядролық сынақ аймағы» кітабында Абыралы, қайнар өңірінің щерлі тарихы мен Семей атом полигоны жаьылғаннан бергі жиырма жыл уақыт ішіндегі оңды істерібаяндалған.

Соның айғағындай ел тәуелсіздігінің он жылдығына орай Елбасының Алғыс хатымен марапатталған, Семей қаласыныңжәне Абай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы (1995) және облыс әкімі (2003) сыйлықтарының лауреаты. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы мен Абай ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Облыс әкімі сыйлығының лауреаты, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі.

Әдебиеттер:

Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-400 б.
Сейсенұлы Д. Шәкәрім:Ғұмырнамалық баян.-Астана:Фолиант, 2007.-264
Ахметбекова А. Шежіреден сыр шертеді //Семей таңы.-2004.-19 қараша.-6
Сейсенұлы Д. Шежірелі Шыңғыстау: деректі әңгіме, очерк, публицистика, толғау.-Семей, 2004.-161 б.
Сейсенұлы М. Ядролық сынақ аймағы: кеше және бүгін: деректі әңгіме, очерк, публицистикалық толғау.-Новосібір, 2011.-265 б.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11