Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

Буторин взводты шабуылға бастады. Екі рет жараланған ол бірінші болып, жауға шабуылға шықты. Жау үрейі ұшып, солдаттары мен офицерлерінің күптеген өліктерін қалдырып, қаша жөнелді. Сол күні 21 қыркүйекте дивизия жауынгерлері Украинаның облыстық орталығы – Черниговты азат етті. 16–гвардияшы атты әскер дивизиясына Чернигов дивизиясы деген атақ берілді.
Отан үшін ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Қаулысы бойынша гвардия аға сержанты В.Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Варепа Иван

Иван Варепа 1910 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Перьятенка ауылында туған. 1941 жылы майданға шақырылды. Сталинград, Украин, 2 – Белорус майдандарындағы ұрыстарға қатысады. 77 – гвардияшы Чернигов атқыштар дивизиясы Днепр үшін шайқастың соғыстың барысы үшін қаншалықты шешуші мәні бар екенін жақсы түсінді. И. Варепа өзінің бөлімшесімен арнасы кең Днепрден алғашқылардың бірі болып өтті. Гвардияшылар фашистерді өздеріне жақын жіберіп алды да, пулеметтен, автоматтан оқ жаудырып, гранат лақтырып, жаудың жанталаса жасаған төрт қарсы атакасына тойтарыс берді. Осы кезде 288–гвардияшы полктің бөлімшелері оң жағаға шығып, жұмыла атака жасады, гитлершілерді қорғаныстың алдыңғы шебінен қуып шықты.
И.И.Варепаның пулемет расчетының тапқыр да батыл қимылы Днепрде жеңіске жетуге көмектесті. Осы ұрыста батыр жауынгер бірнеше атыс ұясы мен 20- дан аса гитлершілерді жойып жіберді.Днепрден өткенде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1944 жылы 15 қаңтарда И.Варепаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Гулькин Иван

Иван Тихонович Гулькин 1923 жылы бұрынғы Семей облысындағы Белағаш ауданының Алексеевка поселкесінде туды. Соғыстың алғашқы күні армияға шақырылды. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданда болды. 1–шабуылшы авиация корпусының 292–шабуылшы авиация дивизиясы 667–шабуылшы авиация полкінің ұшқышы аға лейтенант И.В. Гулькин Ұлы Отан соғысы кезінде жауға 95 рет қарсы ұшып шықты.
Ол Волхов, Калинин, Воронеж және далалық майдандарында әуеде ұшып жүріп жауға соққы берді. 1942 жылы Қызыл Жұлдыз Орденімен, ал 1943 жылы Қызыл Ту орденімен наградталды. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде И.Т.Гулькин дұшпанның 26 танкісін, жаяу әскері мен жүк тиеген 112 автомашинасын, 17 зенитті және артиллерия батареясын, 2 оқ-дәрі қоймасы, 2 жанар май қоймасын, 18 бекініс атыс пунктін, 13 темір жол вагонын және 500–дей солдаты мен офицерін жойып жіберді.
1943 жылдыњ 29 шілдесінде 225 – биіктіктен шығысырақ жердегі жаудың танкілері мен автомашиналарына шабуыл жасау кезінде Гулькин дұшпанның екі танкісін жойып, оқ-дәрі қоймасын, 20–ға жуық гитлершіні жойып жіберді. Соғыс кезінде совет ұшқышы немістің 3 истребителін атып түсірді.
Иван Гулькин гитлершіл басқыншылармен қан төгіс ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Қаулысы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Бірақ батыр Жеңіс күнін көре алмады. Ол 1945 жылғы 4 мартта жаумен қызу шайқас кезінде қаза тапты.

Железняков Петр

Железняков П. 1918 жылы Семейде туған. 1942 жылы мамырда Железняков майдандағы армияға келіп, қатардағы ұшқыш, звено және авиаэскадрилья командирі болып ұрысқа қатысады.
Алғаш рет Оңтүстік-батыс майданда ұрысқа кірген штурмовик П. Железняков көп кешікпей гитлершілерге қырғидай тиді. Қатардағы ұшқыштан тәжірибелі, ұрыста шыныққан эскадрилья командиріне дейін өседі. Железняков жеке басының үлгісімен қарамағындағы ұшқыштарды соғыс өнеріне үйретеді, олар үшін ерліктің, батырлық пен қаһармандықтың өнегесі болады. Тек 1943 жылғы қыркүйектен бастап, эскадрилья 341 рет ұшып шығып, ұрыс салды. Эскадрилья жаудың 12 самолетін, 7 батереясын, танк және жанар май тиелген 2 темір жол эшелонын, жүк тиелген 235 автомашнасын, 27 танкін жєне 550 – ге жуық гитлершіл солдат пен офицерді жойып жіберді.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10