
Еспенбетов Арап Сіләмұлы – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері

Әубәкіров Жандос – «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері

Құсмілия Нұрқасым -ақын, жазушы, тарихшы, қоғам зиялысы, алаштанушы

Тыныштыкбек Әбдікәкімов -ақын, мемлекетік сыйлық лауреаты

Айбек Нұғымаров – Азия чемпионы, қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Айбек Бекбосынов – Әміре Қашаубаев атындағы филормания директоры, әнші
Филормония әншісі Қайрат Қабышев

Бауыржан Тулеков – Абай атындағы театр директоры

Қарлығаш Аубакирова – Шәкірім атындағы мемлекеттік университет оқытушысы, PhD доктор, ақын, әдебиеттанушы

Қалиев Нұрбол – «Ұлы ақын Абай ұлдарымен” атты ескерткіш авторы

Дәметкен Омарбаева – Белгілі айтыскер ақын, облыстық және республикалық айтыстардың жүлдегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

Мерей Карт – ақын, филология ғылымдарының магистрі. Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы

Бауыржан Игілік – ақын, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты
2020 жылы Мемлекеттік марапат алған қаламгерлер тізімі
Ғылым мен мәдениет саласының дамуына зор үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбектері үшін жерлес ақын- жазушылармыз Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» ордені, «Ерең еңбегі үшін» медалімен және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Төлеген Жанғалиев
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері «Құрмет» орденімен марапатталды.


Айгүл Кемелбаева
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші «Құрмет» орденімен марапатталды.


Саят Қамшыгер
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Алмахан Мұхаметқалиқызы
Белгілі ақын, абайтанушы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Ақберен Елгезек
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Марапат иелері – 2025

Шағжан Бекенұлы Исабаев – «Абайдың Жидебай–Бөрілі» тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы М.Әуезов музей-үйінің жетекшісі. Ол Абай ауданы аумағындағы тау, төбе, қыстау, қорым, бұлақ сынды 118 киелі нысанның орнын анықтап, олардың тарихи сипаттамасын жасаған. Сонымен қатар, «Абай жолы» романындағы тарихи кейіпкерлердің жерленген орындарын нақтылап, сол мекендерге ескерткіштердің қойылуына атсалысқан.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында 2025 жылы 21 мамырда «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК Бөрілі ауылының Мұхтар Әуезовтің музей-үйінің меңгерушісі Исабаев Шағжан Бекенұлы «Құрмет» орденімен наградталды».
- Шағжан Исабаев – «Құрмет» орденінің иегері:https://018.kz/16323-shazhan-isabaev-rmet-ordenini-iegeri.
- Президент мәдениет саласындағы бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады https://kaz.inform.kz/news/

Ноғайбаева Гүлдана (1979) – әнші, домбырашы.
Гүлдана Ноғайбаева 1979 жылы бұрынғы Семей қаласы, Абай облысы Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында өнерлі отбасында дүниеге келген. 2002 жылы Астана қаласындағы халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты атанған, 2005 жылы Алматыда өткен Республикалық “Жас ұлан” сарбаздар байқауында I орынды иеленген. Сондай-ақ, 2007 жылы Павлодар қаласындағы Майра Уәлиқызы әндеріне арналған І Республикалық байқаудан жүлделі I орынды қанжығасына байлаған. Өнер жолындағы ерен еңбегі ескеріліп, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталып, 2025 жылы Халықаралық әйелдер күнінде дәстүрлі әнші, Гүлдана Ноғайбаеваны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
- Мағжан А. Елін әнімен әлдилеп, күй күмбіріне еліткен: [Әнші Гүлдана Ноғайбаева туралы.] // Ертіс өңірі . – 2016. – 3 ақпан. – Б. 9.
- Кәкішев Н. Ән әлемінің Гүлданасы // Семей таңы. – 2014. – 22 шілде. – Б. 6
- Қала әкімінің орынбасары Гүлдана Ноғайбаеваны марапатымен құттықтады // Ертіс өңірі. – 2025. – 19 наурыз. – 2 б.
- Тоқаев Қ-Ж. 8 наурыз қарсаңында бірқатар әйел қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы сыйлық тапсырылды.

Молдашева Рыйза Асанқызы – Семей таңы, Вести Семей газетінің директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі. Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасының иегері, Астана қаласының 10 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медальдарымен, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған, филология ғылымдарының кандидаты.
Еуразиялық құрмет белгісі

Ұлықбек Есдәулет – Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Евразиялық құрмет белгісінің иегері (2021).
Ұлықбек Есдәулет// https://kk.wikipedia.org/wiki
Ұлықбек Есдәулет// https://adebiportal.kz/
Ұлықбек Есдәулет// https://ult.kz/post/ulykbek

Роллан Сейсенбаев – Көрнекті тұлға, Халық жазушысы, аудармашы, драматург, Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, Колумбия университетінің лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, Дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының академигі
- Аса көрнекті тұлғаның әдебиет, өнер және гуманитарлық қызмет саласындағы үлкен табысы үшін Бейбітшіліктің халықаралық Әдеби сыйлығы (Германия – АҚШ).
- Прозадағы жарқын ашылымдар мен философиялық ұмтылыстары үшін Мацуо Басё атындағы Халықаралық Әдеби сыйлық ( Жапония – АҚШ – Германия).
- Әдебиеттегі аса зор жетістіктері үшін Роберт Бернс атындағы Халықаралық Әдеби сыйлық ( Шотландия – АҚШ).
- Аса көрнекті әдеби және халықаралық қызметі үшін Эмиль Золя атындағы Халықаралық Әдеби сыйлық (Франция).
Роллан Сейсенбаев// https://massaget.kz/
Роллан Сейсенбаев//https://egemen.kz/