Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

Отан үшін ұрыстарда көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін Кеңес Одағының Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Қаулысы бойынша П. Железняковке Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ол және оның жауынгер жолдастары, әсіресе Орел-Курск доғасында, Днепр мен Вислада, Сандомир мен Прага түбінде болған ұрыстарда ерекше ерлікпен шайқасты. Ер жүрек ұшқыш гвардия майоры П.Ф. Железняков соғыстан кейін де Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды. Ол 1951 жылы қызмет бабында жүріп, қайғылы қазаға ұшырады.

 Занудин Юрий Федорович

Юрий Федорович Занудин 1923 жылы 25 мамырда Семей облысының Бородулиха ауылында туған. 1941 жылы өзі сұранып майданға кетеді.
Занудиннің ротасы Жевань деревнясы көшелерінде ұрыс салды. Фашист жендеттерден осы елді пунктті тазартқан рота Бася өзенінен өтіп, немістерді траншеялардан қуып шығып, күші басым жаумен ұрыс жүргізді. Занудиннің жауынгерлері жаудың қоршауында қалып қойды, бірақ бұл жолы да төтеп беріп, көмекке жаңа күш келгенше орындарынан тапжылған жоқ. Аға лейтенант Ю.Ф. Занудиннің бөлімшесі алғашқылардың бірі болып Днепрден өтті. Рота бекініске көшіп, дұшпанның атакаларын тойтарды. Сондай-ақ жау оғының астында өзеннен өтетін көпір салып жатқан саперлердің қимылын бүркмелеуде болып, көпір салынды. Көпір үстімен біздің әскерлеріміз, соғыс техникасы арғы бетке өте бастады.
Неміс-фашист басқыншыларына көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Президиумының Қаулысымен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Засядько Владимир Алексеевич

Владимир Алексеевич 1919 жылдың 24 сәуірінде Харьковте туды. 1932 жылы Қазақстандағы туыстарына көшіп келді, 1935 жылдан бастап Алматыда тұрып тау-кен институтын бітірді.
В.А.Засядько майдандағы даңқты жауынгерлік жолын Қазақстанда құрылған 73- гвардияшыл Сталинград атқыштар дивизиясының құрамында өткізді. Сталинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысты. Қызыл Жұлдыз және 2–дәрежелі Отан соғысы ордендерімен наградталды.
1943 жылы 26 қазанда гвардия аға лейтенант Засядькоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кировоград облысын азат ету үшін болған күресте В.А. Засядько ерлікпен қаза тапты. Днепрді азат етуде қорғанысты шебер ұйымдастыра білген В.А. Засядьконың шебер басқаруымен артиллерия оғынан жаудың 2 рота жаяу әскері, оқ-дәрі тиелген 5 автомашинасы,алты стволды 2 минометі, 6 пулемет ұясы құртылды.
16 қазанда полк тағы да шабуылға шықты. Засядько шабуыл жасаған жаяу әскерлерге көмектесу үшін алдын-ала ойластырылған артиллериялықатқылау ұйымдастырды. Соның нәтижесінде полк Днепропетровск облысындағы Бородаевка селосының шығыс аймағын ойдағыдай меңгеріп, көптеген соғыс олжасын қолға түсірді. 1943 жылғы 26 қазандағы Жоғары Кеңстің Қаулысымен В. Засядкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батыр оқыған қаладағы №1 мектепте Мемориалдық тақта орнатылған, қалада орталық көшелердің бірі батыр есімімен аталады.

Камоликов Дмитрий Тимофеевич

Дмитрий Камоликов 1923 жылы Семей облысының Белағаш ауданында кедей шаруа семьясында туды. 1941 жылы желтоқсанда шақырылған. Полк мектебінде әскери дайындықтан өткен соң, Сталинград майданына барлаушы-автомаьчиктер ротасына жіберілді. Кейін Батыс және 2 – Украин майдандарында соғысты.
Сержант Камоликовқа өз бөлімшесімен Тиссанның оң жағасындағы плацдармды алу және батальон жауынгерлерінің өзеннен өтуін оқпен бүркемелеп тұру жөнінде бұйрық берілді. Батырлықтың үлгісін көрсетіп, сержант Камоликов борап тұрған миномет пен пулемет оғының астында өзнге секіріп түсіп, алғашқылардың бірі болып қарсы жағаға жүзіп шықты. Гвардияшылардың батыл қимылына шыдай алмай, есеңгіреп қалған дұшпан қолайлы шептен қуылды. Камоликов бөлімшесінің тбанды да батыл қимылы гитлершілердің қатарын шайқалтты, жаудың 70 солдаты мен офицері тұтқынға алынды, бөлімдерімізге дұшпанның қорғаныс шебіне 7 километр өтіп, Шаруд деревнясын алуға жағдай жасалды.
Тисса өзенінен өтерде көрсеткен тапқырлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы Қаулысы бойынша сержант Д.Т. Камоликовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10