Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

Карелин Петр Григорьевич

Петр Григорьевич 1923 жылы Чита облысындағы Сречинскіде туды. Соғысқа дейін Шар станциясында тұрды.Қызыл армия қатарына 1941 жылы Жарма аудандық әскери комиссариатында шақырылды. Әскери училищеде оқығаннан кейін Сталинград, Оңтүстік және 4–Украин майдандары құрамында соғысқа қатысты. «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен наградталды.
Кеудесін пулемет оғы тесіп өткен ер жүрек командир амбарзураның аузын өз денесімен жапты. Ондаған оқ денесін тесіп өтті, бірақ ажал сеуіп тұрған пулемет гвардишылардың қанына қақалып, үні өшті. Тап сол сәтте рота жауынгерлері атакаға шығып, гитлершілерді қирата жеңді.
Ерен ерлігі мен батырлық көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі 1944 жылғы Қаулысымен гвардия лейтенанты П.Г. Карелинге қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Шар станциясындағы Батырдың өзі оқыған мектеп оның есімімен аталады.

Қайырбаев Махмет

Махмет Қайырбаев 1925 жылы Бесқарағай ауданында туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, бірден әскери-артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. Бас командованиенің резервіндегі 17- дербес танкіге қарсы истребитель-артиллерия бригадысының құрамында әр түрлі майдандарда соғысты. 1 және 2 дєрежелі Отан соғысы, Александр Невский ордендерімен, медальдарымен наградталды. 1944 жылдың 19 тамызында 712 – танкіге қарсы истребитель артиллерия полкінің батарея командирі аға лейтенант Қайырбаев пен оның он бес жауынгері үшін мәңгі өшпес даңққа бөлену жолы басталған күн еді. Бұл оқиға Литва жерінде, Шауляй қаласының батыс жағында болды. Неміс-фашист әскерлері танкімен күшті шабуыл жасап, Қызыл Армия бөлімдерінің қорғаныс шебін бұзып өтіп, қалаға кіруге ұмтылды. Фашистер командованиесі өзініњ Курляндиядағы 400 мың әскері қоршауда қалып қояды деп қорқып, біздің бөлімдерді Балтық жағалауынан алысқа қуып тастауға тырысып бақты. Қайырбаев он бес жауынгерімен қоршауда шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмектесуге бұйрық алды. Бара жатқан жолында Қайырбаевтың батареясы дұшпанның өздерінен әлдеқайда басым күшіне тап болды. Аға лейтенант оларға атака жасап, 70- ке жуық неміс-фашистерді өлтіріп, қоршауда қалған батареяға көмекке жетті. Осы кезде батарея құрамы артиллерияның қолдауымен ұрысқа шыққан жаудың жаяу әскері мен 30 танкіге қарсы ауыр ұрыс жүргізіп жатты. Қайырбаев басшылықты өз қолына алып, жаудың жеті атакасын тойтаруды ұйымдастырды. Екі зеңбірек істен шықты. Қайырбаев қалған зеңбірекпен жаудың үш танкісін өртеп, немістің жаяу әскерімен бетпе-бет ұрысқа кірісті.
Кескілескен осы шайқаста ер жүрек офицер бастаған жауынгерлер бір батальонға жуық гитлершілерді жайратты. Неміс танкілеріне Шауляйға өтер жол жабылды. 1945 жылғы 24 наурызда Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Корнев Иван Ильич

Иван Ильич Корнев 1900 жылы бұрынғы Семей облысының Бесқарағай ауданында туған. Жасы 40 – тан асқан Иван Корнев майданға 1941 жылдың күзінде келді. Ол 124 – ші атқыштар дивизиясыныњ 781 – ші полкі құрамында Солтүстік-Батыс, Калинин, 1 – ші Прибалтика жєне 3 – ші Белорус майдандарында гитлерлік басқыншылармен шайқасты. Семейлік жауынгерлер бұл ұрыстарда өзін Отанның батыр ұлы ретінде көрсетті. Ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және үш жауынгерлік медальмен наградталды. Ол бірнеше рет жараланды, бірақ госпитальдарда көп жатпай , біраз емделгеннен кейін қайтадан өз бөліміне қайтып оралды. Беллоруссияны азат ету үшін ұрыстарда Иван Корнев автоматшылар бөлімшесінің командирі болып тағайындалды.
1944 жылғы мамырдың аяқ кезінде Витебск облысының территориясында қиянкескі ұрыстар жүріп жатты. Фашистер әрбір метр жерге кенедей жабысып, жанталасты. Алайда, алға ұмтылған біздің жауынгерлердің қимылына төтеп бере алмады. Осы ұрыстарда Иван Корнев ерекше ерлігімен көзге түсіп, екінші рет Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды және 39 – шы армияның қолбасшысы генерал Людниковтан алғыс алды.
1945 жылы қаңтарда Шығыс Пруссиядағы ауыр ұрыстарда Корнев басқарған автоматшылар бөлімшесі жаудың күшті бекінісінің алғы белдеуін бұзып өту үшін болған ұрыстарға қатысты. Әсіресе жауынгер Корнев немістердің аса қуатты тірек пунктіне айналған Пилькаллен қаласын (қазіргі Калининград облысының, Добровольск) поселкесін алуда зор ерлік жасады. Ұрыстардың қызған кезінде ол үш рет атакаға бірінші болып көтеріліп, басқа жауынгерлерді жігерлендірді. Ол Отан алдындағы борышын ақырына дейін адал орындап, ұрыс даласында қаза тапты. 1945 жылдың 19 сєуірінде Иван Ильич Короневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10