Қала кәсіпорындары

Өндірісті жаңарту мен жетілдіруге, адамдардың қауіпсіз алаңсыз еңбегін қамтамасыз етуге олардың кәсіби шеберлігін арттыруға үнемі көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарға соңғы жылдары 491 млн. теңге инвестиция құйылды. Оның 107 млн. теңгесі кәсіпорынның өз есебінен бөлінеді. Кәсіпорын қарамағындағы еңбек етіп жатқан ұжымның әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсартуға, жұмысшыларды тегін тамақтандыруға, материалдық көмекке қаржы бөлініп, балалалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда, қайырымдылық пен демеушілік көмектерде жақсы нәтижелерімен кәсіпорындардың алды болып отыр. «Каполиграф» акционерлік қоғамы қайырымдылық акцияларынан да шет қалып отырған жоқ. Балалар мен қарттар үйлеріне, мектептерге, балалардың спорт ұйымдарына демеуші, әркез қолдаушы болып отыр.

Әдебиеттер:

Жакупов Е. ”Казполиграф” республикаға белгілі кәсіпорын. [Текст] : Әкімнің жұмыс күні / Жакупов Е. // Семей таңы. – 2005. – 30 қыркүйек. – 2 б.
Мырзаханов Н. Бағдарлы жұмыс «Каполиграфтың» бағын ашты // Дидар.- 2001.- 13 қазан.-5 б.
Мұхамедова Р. «Каполиграфта» еңбек ететіндер ертеңіне сенімді, осы үшін тәуекелге барып жұмыс істеуге болады // Семей таңы.- 2001.- 19 қазан.- 10 б.

Семей былғары-тері мех комбинаты
h23    Кәсіпорын 2001 жылдан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде жұмыс істеуде. Егер тарихқа үңілсек, көпес Плещеевтің жартылай жертөле үйінде ораналсқан шағын өндірістен бастау алған. Содан бері осы шағын өндіріс кешегі Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап қанат жая бастады. 1927 жылы Қазақ АССР – нің Жоғары Кеңесінің қаулысымен завод іске қосылды. 1936 жылы 30 желтоқсанда Семей тері заводының тобы «тері тон комбинатын» ұйымдастырған. Комбинаттың бай тарихы оның материалдық-техникалық базасының нығаю кезеңдерімен толыға түскен. Жаңадан ашылған цехтар, зертханалар кәсіпорынның бір бөлшегіне айналды. 1937 жылы тон, қысқа тон, қолғап, аяқ киімдер шығаратын галантереялық цех іске қосылды. Комбинаттағы ғылыми-техникалық жүйе соғыс жылдарында да дамуын тоқтатқан жоқ. Дәл осы жылдары механикалық және орталықтандырылған химиялық зертхана, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдейтін қосалқы цех іске қосылды. Ел басына күн туған тұста комбинат жұмысшылары майдандағыларды жылы киіммен қамтамасыз етті.

1951 жылы комбинат тарихында елеулі орын алады. Кәсіпорынның жанынан ТЭЦ–2 салынып, көптеген аса маңызды цехтар іске қосылды және теріні дайындауда жоғары көрсеткішке қол жетті. Алғашқыда, былғары зауыты, одан кейін былғары-тон комбинаты аталған кәсіпорын 1964 жылы мех және былғары шикізат зауыттарының басын біріктіріп үлкен бірлесітікке айналды. Жаңадан технологиялар іске қосылды. Автоматтандыру, механикаландыру үрдіс алды. Жұмысшылардың жағдайы жақсарып, халық шаруашылығының дамуына ерекше үлес қосылды. Автоматтандыру, механикаландыру үрдіс алды. Жұмысшылардың жағдайы жақсарып, халық шаруашылығының дамуына ерекше үлес қосылды.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9