Новые поступления

Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2017. – 148 б.
Жаназа намазы – пенденің дүниедегі һәм өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Осы кітапта жаназа және жерлеу рәсімдерінің шариғатта көрсетілген жолдары мен түрлі мәселелері талқыланды.

Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов – Отан патриоттары. Отец и сын – Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамедханов – патриоты Отечества. – Алматы, 2017. – 120 б.
Воспитание на примере жизни и судьбы патриотов Отечества формирует сопричастность граждан общей истории, сопереживание трагическим страницам в судьбе нашего народа и формирует ответственность за страну. Книга является вкладом в духовное обновление общества и патриотическое воспитание молодежи.

Су Шүйаң. Тибет туралы білімдер. – Алматы, 2017. – 184 б.
Бұл кітап Тибет тарихы, ұлттық салт-сана жайындағы байымдау ғана емес, қазіргі адамдардың Тибет туралы ізденістері, толғаныстары және зерттеулері туралы жетерлік деректер берілген. Сонымен қатар бауырластарға деген сүйіспеншілік пен Тибеттің болашағына деген тілектер қамтылған.

Төлегенұлы Қ. Құрмаш-ата шежіресі. – Алматы, 2015.
Қітапта Найман ішінде Қаракерейден тарайтын Семізнайман руының Меңлібай – Ізбасар тармағы туралы сұңғыла қарт, шежіреші Құрмаш Төлегенұлы жазған ататек шежіресі беріліп отыр. Бұл шежіренің ерекшелігі – ататек таратқан кезде ер адамдармен қатар әулеттің отанасының, қыз балалардың есімдері алғаш рет нақты көрсетілген.

Бердымухамедов, Г. Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абыройымыз: фотоальбом. – Ашғабат, 2016. – 232 б.
Көк тұлпарларының самғауы. – Ашғабат, 2016.
Бердымухамедов Г. Тұлпардың шапшаң шабысы. – Ашғабат, 2016.

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Түрікменстан президенті Гурбангұлы Бердімұxамедовтың ақалтеке жылқысы жайлы жазылған үш кітабының тұсаукесері болды.
“Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абыройымыз” атты еңбегінде жылқы күтімі, баптау,
пайдалану, жарату секілді сәйгүлікке тән ерекшеліктерін қаламына арқау етіпті.
Ал “Көк тұлпарларының самғауы” атты альбом-кітабында түркімен еліндегі жылқы шаруашылығы, осы саладағы ұлттық дәстүрлер, сондай-ақ Түрікменстан мемлекетінің жылқы шаруашылығы саясатындағы басымдықтар жайлы сөз еткен екен.
Автор “Тұлпардың шапшаң шабысы” еңбегінде Гурбангулы Бердімұxамедов түрікмен тұлпарын ұлттық құндылықтардың бірі ретінде көрсетіп, соны ғылыми, тариxи және әдеби-биографиялық тұрғыда дәлелдеп шықты.

Алтын тұғыр. – Алматы, 2017. – 304 б.
Бұл жинаққа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өткен ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсына келіп түскен өлеңдер іріктеліп өздеріңізге ұсынылып отыр.
Жас қаламгерлер, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамытуға арналған бұл байқауға қатысқан әрбір үкілі үміттің жүрегінің үнінін естіп, ауылға бір саяхаттап қайтуға болады.

Шонанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2017.
Бес томдық шығармалар жинағының үшінші томына Телжан Шонановтың «Самоучитель казахского языка для русских» атты оқулығы, Ғ.Бегəліұлы жəне С.Жиенбайұлымен бірігіп жазған «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің əдісі» атты əдістемелік құралы, «Сауаттан» деп аталатын үлкендерге арналған əліппе еніп отыр.

Жян Бозан. Қытай тарихынан шолу : тарихи деректер. – Алматы, 2017. – 208 б.
Оқырманға ұсынылып отырған бұл кітапта Қытай халқының байырғы ерте заманғы тарихы, кұлдық және феодалдық сатыларды бастан өткізгендігі, Қытай диқандарының таптық билеушілерге қарсы көтерілістері, әсіресе Чин, Сүй, Юань патшалықтарының елді билеуі, беделді, өркениетті, әрі қуатты – Хан, Таң, Миң үш ірі империалардың тарихы, Қытайға отаршылардың шапқыншылығы, Қытай Халық Республикасының қалыптасу тарихынан қысқаша шолу беріліп отыр.

Титаев Е. По утренней росе: стихотворения. – Усть-Каменогорск, 2017.
В сборник избранных стихотворений литератора из Семея, коренного иртышанина Евгения Титаева вошли как стихи из предыдущих сборников и журнальных подборок, так и ранее не опубликованные. Его поэтическая палитра обширна – от сложных философских стихов на разные темы до выполненных в классической манере и детских, где царят ясность и простота.

Антология поэзии «Мәңгілік Елім менің – Вечная Страна моя». – Алматы, 2016.
Эта книга – своеобразный поэтический венок нашей родине, имеющей богатую и разнообразную культуру, неисчерпаемые природные богатства, великолепные по красоте ландшафты, удивительные исторические и культовые памятники, глубокие духовные и нравственные традиции-вечные ценности, которые держат человека на земле, питают его душу, давая ему силы обустраивать жизнь, созидать страну счастья – Мәңгілік Ел.

Таң дәуірі поэзиясы : үш жүз өлең. – Алматы, 2017. – 292 б.
Қытайдағы феодалдық қоғамның дамып, шегіне жеткен тұстағы мәдениет жетістіктерінің ең соқталысы Таң дәуірінің өлеңдері болып саналады. Таң дәуірінде өмір сүрген 2200-дей ақынның 48900-ден аса өлеңі сақталып бүгінге жетті. Қытайдың осы бір әдеби байлығының бір парасын қазақ оқырмандарына жеткізу үшін «Таң дәуірі поэзиясы. Үш жүз өлең» атты кітап жарық көріп отыр.

Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2017. – 656 б.
Бұл сөздікте қазақ тіліндегі араб, парсы сөздері жинақталып, мысалдар арқылы түсіндірмелері берілген. Сондай-ақ араб, парсы сөздерінің әртүрлі нұсқадағы бірнеше варианттық қатарлары да реестрде көрсетілді. Тілімізде жиі қолданылатын араб, парсы сөздерімен қатар, қазіргі тіл тұрғысынан алғанда бейтаныс алайды ескі қазақ жазба тілінде еркін қолданыста болған бірліктер де қамтылды. Сөздікке 3562 сөз бен 1593 сөз тіркесі енгізілді.

Медеу Сарсеке: Сәтбаев ұлағаты=Уроки Сатпаева. – Алматы, 2017. – 461 с.
Книга известного писателя-сатпаеведа Медеу Сарсеке повествует о перипетиях судьбы и важных событиях богатой на исторические события жизни Каныша Имантаевича Сатпаева. Автор проливает свет на многие негативные события, имевшие место в его сравнительно короткой жизни, о которых в ранее изданных книгах было рассказано вскользь, а имена людей несправедливо устраивавших на талантливого ученого гонения, остались неназванными.
В сборнике представлены уникальные материалы из личного архива автора.

Ел деп соққан жүрегі. – Алматы, 2017. – 456 б.
Бұл кітап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Сағидолла Құбашевтың өмірі мен қызметіне қатысты V бөлімнен тұрады. Жинаққа Сағидолла Құбашұлының әр жылдарда баспасөзге берген сұхбаттары мен өзінің қаламынан туған мақалалары, толғаныстары сонымен қатар замандастарының Сәкен туралы естеліктері, қайраткердің әр жылдарда жазған өлеңдері мен қойындәптеріндегі ой-пікірлері және дүние салғаннан кейінгі жерлестерінің еске алулары берілген.

Жарасбай Қ. Алаштың асылдары: Өлеңдер. – Алматы, 2017.
Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Алаш қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышбаевтардың өмір жолына арналған шығарма-дастандар мен өздерінің шағармаларынан келтірілген дана, қанатты сөздері. Мұрағаттардан іздеп тауып жинақтап жазған зертеуші ғалымдардың терең ойлары мен пікірлері.

Ахметова М.К., Такижбаева Н.З. Этнопсихология казахского народа эпохи Казахского ханства (1465-1718). – Алматы. – 188 с.
Пособие содержит подробное изложение этнопсихологии казахского народа в эпоху Казахского ханства. В ней на основе исторических фактов рассмотрена психология казахского этноса на заключительном этапе его складывания как народности, роль кочевой психологии в откочевке ханов Керея и Жанибека, проявление народной психологии в условиях формирования и развития Казахского ханства (1465-1718).

Жұмағалиев А. Өлмесөмір дастаны. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы, 2015. – 288 б.
Көпшілік оқырманға арналып отырған бұл кітап – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр жерлесіміз, ақын атамыз Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына арнап, 1985 жылы Әбу Сарсенбаевтың редакциясымен жарық көрген ақынның «Өлмес өмір дастаны» атты жыр жинағының екінші басылымы. Өмірден өте ерте кеткен ақиық ақынның қастерлі есімі жас ұрпақ жадынан ұмытылмауы тиіс деп санаймыз.

Айтұлы Н. Бөрітостаған: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар. – Алматы, 2007. – 335 б.
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты Несіпбек Айтұлының бұл кітабына ел Тәуелсіздігін, заман, уақыт тынысын тебірене жырлаған өлең-толғаулары, поэмалары және орыс халқының тарихы дастаны «Игорь жорығы туралы жырдың» көркем аудармасы енгізіліп отыр. Жинақ арқауын көтеріп тұрған сегіз поэмада елдік пен ерлік, береке-бірлік, халқымыздың ғасырлар бойғы Азаттық жолындағы күресі, Бөгенбай, Бердіқожа, Шақантай батыр бастатқан тарихы тұлғалардың асқақ бейнесі ақындық қуатпен, шұрайлы тілмен төгіле жырланған.

Қазақстан айтыс ақындары. – Алматы, 2013. – 280 б.
Бұл жинақта республиканың барлық аймақтарындағы айтыс өнеріне еңбек сіңіріп, төл өнерімізді
дамуына көп үлес қосқан ардагер ақындардан бастап, буыны бекіп келе жатқан жас айтыскерлерге дейін мәліметтер топтастырылған. Айтыскерлердің қысқаша өмірбаяны мен айтыста айтқан, ел аузында қалған ұтқыр ойлы бірер шумағы қосымша жарияланған.

Хо Ши Мин. Өмірбаяны. – Алматы, 2017. – 224 б.
Ветнам халқының ірі тарихы, саяси қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, Ветнам Социалистік Республикасының негізін салушы президент Хо Ши Миннің өмірі мен қызметіне арналған бұл кітап «Орхон» баспасының «Ұлы Тұлға» сериясы аясында қазақ-ағылшын тілінде шықты.

Президент және «Астана ЭКСПО-2017»
Бұл басылам – Астана қаласында Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін
ұйымдастыру және өткізу тарихын баяндайтын фотоматериалдар жинағы.
Фотосуреттерде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үдерісіне қатысқан бірқатар отандық, шетелдік ұйымдастырушылармен және әріптестермен кездесулері көрініс тапқан. Сонымен қатар, фотоальбомда Қазақстан Республикасының Жапонияда, Испанияда, Қытайда, Корея мен Италияда өткен ЭКСПО көрмелеріне қатысу барысын бейнелейтін фотоматериалдар көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Айтбайұлы Ө. «Тілтірек». Ой-толғамдар, мақалалар. – Алматы: «Каратау КБ»ЖШС, 2017. – 384 б.
Академик Өмірзақ Айтбайұлыныңбұлкітабы да бар өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі. Ол мәдениет, қоғам қайраткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнертуралытолғанса да немесе автор туралызамандастарысөйлесе де қасиеттіаннатіліміздіңтағдыры тілге тиек етіледі. Кітаптың «Тілтірек» деп аталуы да сондықтан.

Сарбалаұлы, Б. Бесік жыры – басты жыр. – Алматы : Айғаным, 2017. – 380 б.
Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де батыл полемикаға барады. Соңғы кезде жазылған прозалық, поэзиялық, сондай-ақ сыни еңбектерді бүгінгі кезеңнің рухына сәйкес әрі жан-жақты таразылайды.

Әбсадықов, А. Қазақ хандығы және тарихи аңыздар:зерттеу мақалалар. – Алматы : Айғаным, 2017. – 342 б.
XV-XIX ғасырлар белесі – қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасып, тәуелсіз Қазақ хандығы мемлекетін құрған дәуірі. Тарихшы-ғалым Алмасбек Әбсадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты зерттеу кітабына осы кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің, батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған. Аңыздар дерегіне деген жұрттың қызығушылығын, рухани құндылықтарды пайымдау маңызды мәселеге айналып келе жатқан бүгінгі заманымызда да арта түспесе, кемімек емес.