23 қаңтар 2013 жылы «Елдің экономикалық қауіпсіздігі және жаһандау» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы болды.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18 қаңтарында қаламыздың Семей қаласының консультативтік–диагностикалық орталығында «Қазақстан-2050» стратегиясын талдау шарасы өз жалғасын тапты.
2013 жылы 5 қаңтарында студент жастар мен кітапхана пайдаланушыларына «Стратегия казахстанского пути» атты кітап көрмесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында ұйымдастырылды.
2013 жылдың 4 қаңтары күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінде «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылдың 4 қаңтарында Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің кітапханашысы Биттыбева Динара Еменжанқызымен диалог-сұхбат өткізді
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мерзімді басылымдар бөлімімен бірге 2013 жылы 3 қаңтарда қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиет тарихшысы, тағдырлы тұлға, профессор, Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туған күніне орай «Ғибрат …
