Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан «Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру»: дәріс сабақ
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18 қаңтарында қаламыздың Семей қаласының консультативтік–диагностикалық орталығында «Қазақстан-2050» стратегиясын талдау шарасы өз жалғасын тапты.
Өткізілген күні: 18 қаңтар 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қаласының консультативтік–диагностикалық орталығы. Қатысушылар: медицина қызметкерлері. Қатысушылар саны: 12. Іс-шара мақсаты: Кітапхана тарапынан медицина қызметкерлерімен кездесе отырып, Елбасы жолдауын талдау. Медицина саласы және жан-жақты айтылған салиқалы стратегия бағыттарымен жете таныстыру. Күтілетін нәтиже: жалпы медицина қызметкерлерінің «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында атап көрсетілген мемлекет басқару ісі және медицина салалары бойынша айтылған қағидаларын білуін қамтамасыз ету.
Елбасының біздің алдымызға қойып отырған басты мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Біздің жетістіктеріміз бен дамудың қазақстандық үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс. Біз дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіншіліктері бар күшті мемлекет негізіндегі берекелі қоғам құруға тиіспіз. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18 қаңтарында қаламыздың Семей қаласының консультативтік–диагностикалық орталығында «Қазақстан-2050» стратегиясын талдау шарасы өз жалғасын тапты. Кітапханашылар Стратегия аясында мемлекеттік басқарудың жаңа түріне тоқтала келіп, 2011 жылдан бастап медицинаға негізделген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – осы құрылған инфрақұрылымның ішіндегі соның идеологиясын, философиясын қалыптастыру, яғни сол арқылы жаңа қатынастарды дамыту, медицина қызметінің негізгі сапасын жақсарту, қазіргі дүниежүзілік технологияларды бізге енгізу жөнінде сөз қозғады. Іс-шара барысында соңғы он жылдың ішінде денсаулық сақтау саласында үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығы айтыла келіп, әрине бұл атқарылған еңбектер Елбасының қолдауымен, оның жеке медицинаға деген көзқарасының арқасында жүзеге асқандығына жете тоқтатылды. 2005-2010 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту бағдарламасы бірінші рет мемлекеттік деңгейде қолданды. Реформаның негізгі мақсаты – бүкіл Қазақстанның, жалпы алғанда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жаңартып, оларға осы заманға сай қондырғылармен жабдықтау болатын. Осындай алға қойған мәселені үздік аяқтап, сол бағдарламаның арқасында бүкіл Қазақстан бойынша 500-ден астам жаңа аурухана салынып,оның ішінде қазір біздің мақтанышымыз болып жүрген Ұлттық медицина орталығы салынғандығы жөнінде сөз етілді. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз», – деп көрсетті Елбасы «Қазақстан-2050» жолдауында. Іс-шаралық дәріске қатысушы медицина қызметкерлері бұл үндеуге өздерінің қосылатындарын және жүзеге асыратындарын ортаға салды. Келешекте Қазақстандық жан-жақты және оның ішіде медицинаның дамуына кең ауқымда жағдай жасалып отырған бұл жолдауды Қазақстандықтар ерекше екпінмен қолдауда. Шараға қатысушы ақ халатты абзал жандар өз ықыластарын білдіріп, кітапханаға шығармашылық табыс тіледі.