1 наурыз – Қазақстанға мәжбүрлеп қоныс аударған түрлі этностардың жүздеген мың өкілдерін қабылдаған қазақ жеріне және қазақ халқына құрмет пен алғыс білдіру күні. Бүгінде бұл мереке «Алғыс айту күні» деп аталып өтілуде. Осыған орай Абай кітапханасында кітапхана мамандары оқырмандар үшін …
Абай кітапханасында балалар өлкетану клубының алғашқы отырысы өтті. Кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының ұландары мен қаладағы №1,9,50 орта мектептің тарих сүйер жас жеткіншектері қатысты. Шара барысы кітапханамен, оның қорларымен және Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған көрмемен …
22 ақпан күні Абай кітапханасында «Асық» әдеби-мәдени клубымен бірлескен түрдегі ҚР мәдениет саласының үздігі, Шәкәрім университетінде ұстаз, дәстүрлі әнші Қайрат Қабышевпен кездесу өткізілді. Аталмыш шараға кездесу қонағы өз жанұясымен келді. Ұлдары қобыз, домбырада ойнаса, жары Ақмарал да өнерден кенде емес …
21 ақпан күні Абай кітапханасында Мұхтар Мағауиннің «Тазынның өлімі» және «Қара қыз» әңгімелері бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Шараға Шәкәрім университетінің филология жоғары мектебінің КЯЛ-201, КЯЛ-203, КЯЛ-205 топ студенттері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын кеңінен …
20 ақпан күні Абай кітапханасында ортағасырлық шығыс философиясының негізін қалаушы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Шығыстың көрнекті ойшылы» тақырыбында портрет кеші өткізілді. Шараға Семей медицина университетінің шетелдік студенттері, оқытушылар К.М.Белеуханова, О.Т.Ван қатысты. Шара барысында ұлы ойшылдың өмірбаяны, …
Абай кітапханасында жастардың оқуға құштарлығын ояту мақсатында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Конференция барысында қазақ әдебиетінің классикалық туындысы – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романы талданды. Шарада студенттер шығармадағы махаббат тақырыбын, кейіпкерлердің бейнесін, олардың мінез-құлық …
20 ақпан күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері қазақ жазушылары Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларымен таныстыру мақсатында №17 жалпы орта білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушылары арасында «Қазақ сөз өнерінің қос жұлдызы» әдеби …
19 ақпан күні Абай кітапханасы қызметкерлері Абай облысының лингвистика орталығындағы тіл үйренуші Шәкәрім жоғары колледжі суденттері үшін «Әбу Насыр Әл-Фараби әлемі» атты тақырыпта танымдық сағат ұйымдастырды. Кітапханаға алғаш аяқ басқан студенттер үшін кітапхананы таныстыру мақсатында экскурсия өткізілді. Бұл экскурсия барысында …
16 ақпан күні Абай кітапханасында«Ертіс өңірі» тарихи-өлкетану қоғамы, Абай кітапханасы және Павлодардан келген қонақ – археолог В.К.Мерцпен бірлесіп дайындаған «Бесқарағай және Ертіс өңірінің археологиялық ескерткіштері» тақырыбындағы өлкетану қонақжайы өтті. Шараға кітапхана пайдаланушылары мен қала тұрғындары қатысты. Виктор Карлович Мерц – …
15 ақпан күні Абай кітапханасы «Асық» әдеби-мәдени оқырмандар клубымен бірлескен түрде «Логотерапия» кітабынан «Қоғамды сынау: «Гуманистік психология» адамгершілікке қаншалықты сай?» тақырыбында мазмұнды талқылау өткізілді. Әрбір қатысушы өз ойымен бөлісіп, тақырыпты жан-жақты сараптап, пікірталас өрбітті. Талқылау барысында гуманистік психологияның адамгершілік қағидаларына …
14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің басты мақсаты – қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру болып табылады. Мерекенің қағидасы бойынша дәл осы күні досыңызға немесе жақын туысыңызға қызығып жүрген оқулығын сыйлай аласыз. Абай кітапханасының қызметкерлері де …
Абай кітапханасының маманы Ж.Ә. Манжибаева ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Шәкәрім университетінде ұйымдастырылған «Абай әлем тілдерінде» тақырыбындағы әдеби кеш қонағы болып қайтты. Университет студенттері өз біліктіліктері мен білімдерін ортаға салып, ақын шығармаларын қазақ, орыс, түрік, неміс, ағылшын, қытай тілдерінде орындап, …
13 ақпан күні Абай кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің үлкен мұрасы саналатын ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді. Арнайы ашылу рәсімін кітапхана директоры Мерей Қарт ашып, …
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Абай кітапханасында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбындағы 8 бөлімнен тұратын кең көлемді кіап көрмесі жасақталып, ашылу рәсімі өткізілді. Көрмедегі бөлімдерге тоқталсақ: «Қаһарлы күндер жылнамасы», «Өнегелі өмір сериясы сериясы: «Ұлы Отан соғысына қатысушылар», …
12 ақпан күні Семей қаласындағы Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері «Есеп және аудит», «Банк ісі», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» факульттерінің студенттеріне «Жемқорлықсыз қоғам» атты тақырыпта ақпарат сағатын өткізді. Шара барысында әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы, Қазақстан …
7 ақпан күні Абай кітапханасы шаңырағында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Былғары және үлбір өндірістік бірлестігінің», яғни барлық ғұмырын осы кәсіпорынның дамуы мен гүлденуіне арнаған еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл тұлғалардың есімі аталмыш зауыттың тарихымен тығыз байланысты десек артық айтпаймыз. …
6 ақпан күні Семей қаласының электротехника колледжіне Абай кітапханасы мамандары арнайы түрде қатынап, «Ерліктің аты – Ауғанстан» тақырыбында кездесу кешін өткізді. Кездесуге Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Асқар Құнафияұлы Құнафин шақырылды. Кітапхана маманы студенттерді Ауған соғысының басталуы туралы тарихи деректермен таныстырып, …
Шәкәрім университеті Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Abaistream» фестивалі аясында «Абай және кәсіпкерлік формуласы» тақырыбында кейс-іскерлік ойынын өткізді. Кейс-іскерлік ойыны Абай Құнанбайұлының шығармаларынан алынған даналықтарды заманауи кәсіпкерлік қағидаларымен байланыстыра отырып, қатысушылардың іскерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Аталмыш шараға Абай кітапханасы қызметкері …