Мекен-жайымыз Кеңестер Одағы: әндер кеші
28 мамырда Абай атындағы кітапханада «Ключ» авторлық әндер клубы жазғы каникул алдындағы қорытынды гитара әндері кешін өткізді. Кеш мерекелі мамыр айының Халықтар Достастығына, бұрынғы кеңестік республикаларға арналды. 16 мен 50 жас аралығындағы клуб мүшелері ұлы мемлекеттің тарихи кезеңін әндер арқылы жаңғыртпақ болды. Кеңестер елі қалдырған бай ән мұрасы еліміздің өткен өмірінің айғағы. Кеште 74 жылдан артық жер шарында өмір сүрген еліміздің белгілі бір тарихи кезеңдеріндегі өмір жолын бейнелейтін әндер шырқалды. Бұл әндер Қазан революциясы, азаматтық соғыс, ЖЭС, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы жалынды әндер, «жылымық» жылдар әндері, тың игерумен басталған 60-70 жылдарғы алғашқы жастар фестивальдері, тығырық жылдарғы алғашқы диссиденттер қозғалысы мен әуесқой көркемөнерпаздар клубтары әндері, сонымен қатар 80-жылдарғы Олимпиада, Ауған соғысын, талондық кезеңді, қайта құру мен сөз бостандығы кезеңінің әндері шырқалды. Осы кезеңнен біздің қоғамда Кеңестер Одағынсыз жаңа тарихи кезең басталды. Көрермендер пионерлерден зейнеткерлерге дейінгі әртүрлі жас аралығын қамтып, аға буын өкілдері өздерінің сүйікті әндерін орындаушылармен бірге шырқады. Ортақ ән неше буын өкілдерінің басын қосып, өзара түсіністікке ықпал етті. Алып Кеңестер Одағын аталарымыз ән сала жүріп орнатып, барлық қиындықты жеңе білді. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» халыққа Жолдауында мәдениеттің өркендеуіне басты назар аударады, себебі ел экономикасы мен ғылымының дамуына дамыған мәдениет қана негіз болады деген болатын. Шара барысында көрме ұйымдастырылып, көрмеден келушілер көздеріне таныс Кеңестік дәуірдегі тұрмыстық заттарын көріп тамашалап, өткен дәуір тынысы көрме арқылы айқын көрінді. Жастар көзілдірік киіп, галстук тағып суретке түсіп, фотосессия жасады. Мұндай тамаша, бүгін қымбатқа айналған заттар Бахытгүл Монкееваның отбасылық коллекциясында сақталған. Заттардың біраз бөлігі ата-анасынан қалған, кей заттарды жинау үшін өзі сатып алған. Әр зат туралы қызықты әңгіме еліміздің «тірі» тарихынан мәлімет береді.