Жаңа кітаптармен жүздесу: кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 2 тамыз күні «Жаңа кітаптармен жүздесу!» тақырыбында, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап, қатысушыларды әдебиеттермен жақынырақ таныстырды. Оқырмандар көңілін ерекше аударған кітаптарды айтар болсақ, Тоқтабай Ахметтің «Қазақ тазысы», Қ.Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», Б.Сақтағановтың «Әскери психология»,Т.Кенжалының «Асан Қайғы», А.В.Ковальковтың «Диета для гурманов», «Л.Гумилев: энциклопедия», Г.Н. Кимнің «Республика Корея», А.А. Орманның «Китайская Народная Республика», Рэй Брэдберидің «Зеленые тени, Белый Кит», Дэни И. Бехардтың «Варварская любовь», Гийом Мюссоның «Здесь и сейчас», Джонатан Сафран Фоердің «Жутко громко & запредельно близко» атты кітаптар. Ұсынылып отырған кітаптар арасында оқырмандарға таныс «pocket book», «100 главных книг», «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен басылып шығып жатқан қазақ, шетел жазушыларының кітаптары кітап қорын толықтыра түсті. Кітап көрмесіне барлығы 64 кітап ұсынылды.