Тіл –достықтың тірегі: кең көлемді кітап көрмесі
2017 жылы 21 қыркүйек күні Абай атындағы облыстық кітапханада «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер» мерекесі күніне орай «Тіл –достықтың тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке, ұлттың қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді.
Кітап көрмесіне ҚР Тіл туралы Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының «Болащаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы, оқырмандарды мемлекеттік тілді құрметтеуге, тіл мәдениетін көтеруге шақыратын кітаптар, дәйексөздер, мақал-мәтелдер, мерзімді басылымдар ұсынылды.