Ағылшын тілін оқытуда интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану: ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар
2018 жылдың 1 наурызында Абай кітапханасында шетел әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап «Ағылшын тілін оқытуда интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға №6 мектеп, «Жас Ұлан» мектеп-лицейі, ҚазИГЗУ және «Forward лингвистикалық орталығы» оқытушылары қатысты. Ағылшын тілі сабағында интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану өзекті тақырып болып табылады.Семинар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды, екінші бөлімде семинарды Назарбаев зияткерлік мектебінің шетелдік тәрбиешілерімен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары – Эдмунд Патрик Фитджеральд жүргізді, ол грамматиканы, оқуға, сөйлеуге, тыңдауға, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған шетелдік веб-сайттармен таныстырып өтті. Семинарға қатысушылар сайттардың ең танымал деген бөлімдерімен танысып, алған ақпараттарын сабақта қалай қолдану керектігі жөнінде ұсыныстар алды. Семинар соңында мұғалімдерге семинарға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.