Орманда кім өмір сүреді, орманда не өседі?: тапқырлар сайысы
11 сәуір күні Абай кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы №35 мектептің 2 «ә» сынып оқушыларына «Орманда кім өмір сүреді, орманда не өседі?» атты тапқырлар сайысын өткізді. Шара барысында оқушыларға орман-ауа, жасыл дәріхана, жануарлар мекені, топырақ пен су қоймаларының қорғанышы екені айтылып, жан-жақты ақпараттар берілді.
Оқушылардың тапқырлықтарын тексеруде бірнеше ойындар ұйымдастырылып, логикалық тапсырмалар берілді. «Қай жануар?, «Қандай құс?» тапқырлар сайысы өте тарысты өтті. Сонымен қатар, ойын-сауық барысында балалар екі топқа бөлініп, «Кім көп біледі?» сайысында ребус шешіп, «Аңдардың дауысы» сайысында жан-жануарлардың дауысын анықтауға қатысып өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Оқушылар орман, табиғат, аң-құстар жайында мақал-мәтелдер айту мен жұмбақтар шешуден сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды.
Шара соңында қатысушылардың назарына орманның құрылымы, өсімдіктердің түрлік құрамы, жануарлардың өмір сүру ортасы туралы ақпарат беретін слайдық көрсетілім және «Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесіне жануарлар мен өсімдіктер жайындағы кітаптар, танымдық энциклопедиялар мен мерзімді басылымдар қойылып, шолу жасылынды.