Шытырман оқиғалы шығармалар: әдеби отырыс
Бүгінгі таңдағы жастардың әдеби мәдениеті әртүрлі жанрдағы, әсіресе шытырман оқиға желісінде жазылған шығармаларды қамтиды. «Диалог» клубының жастар қанатының кезекті отырысы аталмыш тақырыпқа арналды. Клубтың әрбір қатысушысы шытырман оқиға жанрындағы оқыған шығармаларымен бөлісті. «Жастар неге шытырман оқиға жанрындағы әдебиеттерді ұнатады?» деген сұраққа әртүрлі жауаптар алынды: шытырман жанрдағы шығармалардың басты кейіпкерлері батырлық танытады, көмбелер іздейді, әлемнің ең қиын бұрышына барады, ғылым үшін қарқынды теңізден өтеді, қауіпті жаулармен айқасады.
Өз кезегінде клуб ұйымдастырушылары шытырман оқиғалы шығармалардың бірінші толқының атап өтті. Олар: «Робинзон Крузо», «Гулливердің бастан кешкендері», Вальтер Скоттың, Генри Филдингтің романдары, екінші толқындағы қазіргі заман сипатына лайық жазылған А. Дюма, Э.По, Ж.Верн, Р.Стивенсон, К.Дойл шығармалары. Жазушылардың биографиялық очерктері, алыс елді мекендер мен қатерлі экспедициялар жайлы жазылған шығармалары енген екі томдық «Антологии романтики и приключений» басылымына ерекше назар аударылды.
Арнайы әдеби отырысқа ұйымдастырылған кітап көрмесіне қазіргі заманғы басылымдар қойылды. Олар: Дэн Браунның «Ангелы и демоны», «Утраченный символ», «Точка обмана», Кристофер Паолининің «Эрагон», Рэй Брэдберидің «Зеленые тени», «Белый кит» және тағы да басқалар.