Орманды өрттен қорғайық: қалалық слет
27 сәуір күні Абай атындағы кітапханасы қызметкерлері ішкі саясат бөлімі және білім беру бөлімімен бірлесе отырып «Саябақтар маршы – 2018» халықаралық қозғалыс аясында, өрттен қорғау күніне 100 жыл толуына және Ұлы Жеңіс күніне орай, «Парк шеруі» атты колледждер арасында слет өткізді.
Қалалық слет №46 жеке өрт сөндіру базасында өтті. Слетке қаламыздағы құрылыс колледжі, электротехникалық колледж, радиотехника және байланыс колледжі және т.б. колледждер қатысты.
Шара бағдарламасы өмір қауіпсіздігі негіздері білімін арттыруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өзін-өзі қалай ұстау керектігін насихаттауға бағытталды. Әртүрлі туристтік сайыстар, орманда от жағу және сөндіру ережелерінен тренинг және өрт сөндіру эстафетасы, алғашқы медициналық көмек көрсету, жергілікті жерді бағдарлау, орманды қалпына келтіруге бағытталған сұрақ-жауап түріндегі сайыстар өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері «Эколото» ойынын ұйымдастырып, қатысушы командалар табиғатта жүріп-тұрудың ережелерін жасақтап, қоқыстың топырақта сақталу мерзімін анықтады. Қатысушы командалар белсене қатысып, өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша I-орынды – Электротехника колледжі, екінші II-орынды – Радиотехники және байланыс колледжі, III- орынды –Еуразия техникалық-гуманитарлық колледждері иеленді.
Ұйымдастырушылар тарапынан сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.