Компьютерлік графика негіздері: тренинг
2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында компьютерлік графика бойынша қатысушылардың білімін кеңейту мақсатында «Компьютерлік графика негіздері» тренингін өткізді. Графика негіздерін үйрене отырып, тренинг мүшелері зейнеткерлер осы тренингте түс пен реңді түзету, суретті өңдеу, кемшіліктерді жою, сурет параметрлерін өзгерту, кадрлеуді жүргізу, өз қызметіне қолдануға арналған суреттерді Adobe Photoshop бағдарламасында дайындау, коллаждар, құрастырулар жасау және т.б. үйренді. Графика негіздерін оқып алғаннан кейін, қатысушылар көптеген мүмкіншілікке ие болды. Нәтижесінде қатысушылар үйлерінен ескі фотосуреттерін әкеліп, оларды жөндеп, өндеп, алған білімдерін қолдана алатындарын көрсетті.