Отбасы – қоғамның басты негізі: көрме
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні аталып өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге отбасының маңыздылығын көрсетеді. Осы орайда Абай кітапханасында «Отбасы – қоғамның басты негізі» тақырыбында арнайы жасақталған ақпаратты көрме ұйымдастырылды. Көрмені кітапхана пайдаланушылары тамашалап, оларға жанұя, отбасы құндылықтары туралы ақпарат берілді. Көрмеге кітапхана қорында сақталған әлемге танымал жанұялар: Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Б.Обама, Ұлыбритания ханшайымы Елизавета ІІ, Р.Рымбаева және мәдениет пен өнер саласында жүрген танымал отбасылар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар да қойылды. Көрмеде ұсынылған кітаптардың ішінде америка президенттерінің әйелдеріне арналған «First ladies. Women who called the White House Home» және «Eleonora Roosevelt» сынды кітаптар оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Жалпы көрмеге 20-дан астам басылым қойылды.
Көрмені тамашалаушылар отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Іс- шара соңында осы тамаша күнді үрдіске айналдыру мақсатында, қатысушылар бірін-бірі Отбасы күнімен құттықтап, ізгі тілектер тіледі.