Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»: оқырмандар конференциясы
Кітапханамызда 23 мамыр күні республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында осы жылға таңдалынып алынған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, соғыс тақырыбындағы көптеген шығармалардың авторы, Ұлы отан соғысы туралы жазылған шығармалардың басты кейіпкері, қазақ халқының ардақты да асыл ұлы, Халық қаһарманы, Кеңестер Одағының батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты повесі бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. «Ұшқан ұя» повесі қамтитын кезең кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары. Жазушы бұл шығармасында халық өміріндегі неғұрлым елеулі де сипатты сәттерді айнытпай береді. Автор оларды ауылдың қарапайым, аңғал, момын адамдары арқылы көрсетіп, кейіпкерлерін қайырымды, әдет-ғұрыптарды қадірлеп қастерлеушілер ретінде бейнелейді.
Конференцияға Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысты. Конференцияға қатысушылар «Ұшқан ұядағы» әрбір кейіпкерлерге жекелеме тоқталып, олар өмірдегі шынайы образдар екенін жан- жақты талқыға салды. Аталмыш іс- шараға жиналушылар Бауыржанның әжесі – Қызтумас бейнесін қызу талқыға салып, салт жоралғыны білетін, ел анасы деген тоқтам жасаса, анасы Рәзияның өмірден ерте өткеніне үлкен қынжылыс танытты. Жазушының әпкелері Үбиан, Сәлима, Әлималар да көңілден тыс қалған жоқ. Әсіресе үлкен әпкесі Үбианның ақылдылығы мен даналығы тілге тиек етілді. Атасы Имаштың да өте текті жерден шыққаны өткен өмірінен белгілі десе, әкесі Момыналының орысша хат таныған, зергер, аймаққа әйгілі танымал адам екендігін ортаға салды. Кітапхана пайдаланушылары әңгімедегі басқа та образдар бейнесін жан – жақты аша түсіп, майдангер жазушының санқырлылығына да таңданыстарын жасырмады.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін әдеби қауымға мойындатқан алғашқы шығармасы. Онда жазушының суреткер ретінде болмысы жан-жақты ашылды.
Іс-шара соңында қорытынды үшін ойтүйін жүргізілді. «Повестағы этнографиялық көріністі бейнелейтін эпизодттарға тоқтала отырайық!» тапсырмасы беріліп, әңгіменің кез-келген жерінен сұрақтар қойылып, қорытынды жасалды. Іс- шараға қатысушылар оқырмандар конференциясының аса тартымды өткендігіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта тағы да осындай іс- шаралар ұйымдастырылса деген ұсыныстар білдірді.