Абайдың рухани орталығы: кітапханаға саяхат
2022 жылдың 27 қаңтарында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасындағы «Абайдың рухани орталығына» онлайн-шолу таныстырылымы жасалды.
1883 жылы ашылған қоғамдық кітапхананың тарихы, алғашқы оқырмандарының қатарында кемеңгер Абай Құнанбаевтың болғаны туралы мағлұмат берілді. Қаламызда сол заманда жұмыс істеп тұрған «Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесі», «Облыстық санақ комитеті», «Бастауыш білім беру қоғамының» есеп беру құжаттарындағы Абай Құнанбайұлының қоғам өміріне белсене араласқаны жайлы деректер әңгімеленді.
Ұлы ақын Абай оқыған орыс классиктері мен батыс ойшылдарының шығармалары кітапхана ірге көтерген уақыттан сақталып Абайдың ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын өзгерткен ғылым-білім университеті, танымын кеңейткен рухани қазына болған. Сирек қорымыздың сөрелерінде сақталған: А.С.Пушкин, Ю.М.Лермонтов, Л.Н.Толстой, В.А.Жуковскийдің, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.А.Крылов т.б. шығармаларын терең үңіліп танысқанын, Г.Спенсер, Э.Б.Тэйлор, Дж. Льюисъ, В.Уэвелль, Милль т/б шығармалар Абай заманынан сыр шертеді.
«Абай заманындағы рухани қазына» сөресінен әлемдік жауһарлардың топтамасы: «Живописная Россия», «Путешествие на Восток Его Императорского Высочества Государя Наследника Цесаревича», 30 бөлек дәптерден тұратын «Құран» және парсы тілінде жазылып, мұсылманның бес парызы мен құран сүрелерімен таныстыратын – «Қалем Шариф», Ақсақ Темірдің ұрпағы – А.Д.Кантемирдің (1868 ж), сондай-ақ, К. Беккердің (1846 ж.); Н.М.Карамзиннің(1843.), ең көне кітаптар – М.Херасковтың (1786;1787жж.) эпикалық шығармалары, Гомердің «Илиадасы» /1829/, Витрувий Поллионның «Об Архитектуре» басылымы, Дж.Мильтонның «Потерянный и возвращенный рай» поэмасы т/б сирек қорымызға ерекше көрік беріп отырған құнды жәдігерлер тыңдарман назарына ұсынылды.
Сонымен қатар көрменің «Анықтамалықтар әлемінен» Южаковтың «Большая энциклопедия», Неймайръ «История земли», Брэм «Жизнь животныхъ», «Еврей энциклопедиясы» «Брокгауз Эфрон» т/б., «Мерзімді басылымдар айдынынан» – «Вестник Европы», «Наблюдатель», «Руский вестник», «Русская мысль», «Русская речь», «Исторический вестник», «Новости», «Новое время» сияқты журналдары, «Қазақ әлемі ғалымдар зерттеуінде» бөлімінен ұлтымыздың тарихына, этнографиясы мен антропологиясына қатысты маңызды құжаттар мен «Абай әлем тілдерінде» бөлімінен ағылшын, араб, қытай, қырғыз, өзбек, түрік, мадияр, корей, неміс тілдеріндегі ұлы ақын шығармалары таныстырылды.