«Абай жолы» роман эпопеясының алғашқы нұсқасы: ақпараттық сағат
13 тамыз күні Абай кітапханасында «Абай жолы» роман – эпопеясының алғашқы нұсқасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Оқырмандар назарына 2024 жылы екі томдық «Абай» деген атпен шыққан «Абай жолының» түпнұсқасы ұсынылды. Бұл кітапта М.Әуезовтың ақын, ойшыл, ғұлама Абай Құнанбайұлының өмірін жаза отырып, сол кездегі ел тарихын тұтастай қамтыған «Абай жолы» романының 1942 жылы шыққан алғашқы, цензураға ұшырамаған түпнұсқасы берілген. Кітаптарды Қуандық Шаңғытбаев редакциялаған. Мұнда ақын-жазушылардың есімдері, өлеңдері өзгертілмеген. Кейінгі нұсқаларда цензура қиған мәтін мұнда толық берілген. Ал екінші кітабы 1947 жылы шыққан, цензураға ұшырамаған түпнұсқасы негізінде баспа көрген. Абайдың көркем әдебиеттегі бейнесін сомдап әлемге танытқан М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы болды.
Бұл көрмеден оқырмандар көп мағлұмат алды, таңданыстарын да жасырмай,қатты қызығушылық танытып тарқасты.




