Татар ұлтының батыр ұлы: бір кітаптың көрмесі
5 ақпан күні Абай кітапханасында татар халқының батыр ұлы Мұса Жәлелдің 120 жылдық мерейтойына орай сирек қордағы өте құнды түпнұсқа «Біз барабыз» кітабының көрмесі өтті.
Мұса Жәлел 1906 жылдың ақпанында Орынбор қаласы маңындағы Мұстафино ауылында дүниеге келген. Бала күнінен қазақтардың ортасында өскен ол қазақ тілін жетік білген. Дарынды ақын «Біз барабыз» кітабын 1919 жылы жариялаған. Кітап араб қарпімен Қазан қаласының «Восток» баспасынан жарық көрген.
Мұса Жәлелдің «Біз барабыз» өлеңдер жинағы ең тұңғыш баспа көрген туындысы және басқа еш жерде сақталмаған, сонысымен де бұл жинақ құнды болып есептеледі. Көрмесіне жиналған қауым есімі әдебиет тарихында қалған татардың батыр ұлы Мұса Жәлелдің ерлік тарихымен танысып, өмірдеректеріне қанықты.
Ол 1943 жылы немістерге тұтқынға түсіп, Берлиндегі Шпандау түрмесінде 1944 жылы 25 тамызда қайтыс болды. 1953 жылдан соң ғана ақын есімі ақталып, ол кеңес үкіметінің екі ең жоғарғы: Кеңес Одағы Батыры атағын (жеке басының ерлігі үшін) және Ленин сыйлығы (Моабит дәптерлері шығармасы үшін) марапаттарын иеленген.





