Аутизмді бірге жеңеміз: қайырымдылық концерті
Абай атындағы кітапханада «Особенный мир» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2 сәуір күні Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне байланысты аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында «Аутизмді бірге жеңеміз» қайырымдылық концерті өткізілді.
Шараға қатысушы қала тұрғындары мен балалар кітапханамызға саяхат жасап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» және абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «Ғалым. Тұлға. Қайраткер» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.
Кітапхана қорындағы сирек басылымдар мен көркем безендірілген балалар кітабы жастар мен бүлдіршіндердің қызығушылығын тудырды. Концертте «Жас қанат», «Альфа Дэнс» және т.б. балалардың шығармашылық орталықтары мүшелерінің орындауындағы әсем ән мен билер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.