Оқылған кітаптар калейдоскопы: кітап көрмесі
2016 жылдың 7-23 сәуірі аралығында Абай атындағы кітапханада Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні мерекесіне орай «Оқылған кітаптар калейдоскопы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ең көп сұранысқа ие болып, оқырмандар жарыса оқыған шетел, орыс, қазақ классиктерінің қаламынан туған туындыларымен қоса, қазіргі заман жазушыларының шығармалары, жас ақындардың өлеңдер жинағы оқырман қауым назарына ұсынылды. Атап айтсақ: М.Шахановтың, М.Мақатаевтың өлеңдері, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», К.Жүністегінің «Соңғы абыз», «Едіге», Б. Пастернактың «Доктор Живаго», В. Пикульдің «Честь имею», М. Булгаковтың «Багровый остров» шығармалары, А.С. Пушкиннің өлеңдері, Жюль Верннің «Дети капитана Гранта», А. Дюманың «Сорок пять», Т.Драйзердің «Сестра Керри», Ш. Бронтенің «Джен Эйр», Ч.Абдуллаевтың, А.Знаменскаяның, Д. Донцованың, К. Казанцевтің, В. Колычевтің, Н. Робертстің және Дэн Браунның шытырман оқиғалы кітаптары және жас ақындардың «Жас толқын» сериясымен басылып шыққан шығармалары қойылды. Кітап көрмесін «Кітап оқу – мәртебе», «Әлемге ортақ қазына» сынды дәйексөздер тартымды ете түсті.