Ақпаратты іздестіру және желіде сөйлесу: тренинг
2016 жылдың 4-8 сәуір аралығында кітапхана пайдаланушылары үшін «Интернет және электронды пошта» оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті.
Тренинг өзінің білімдерін дамытуға ынталы адамдарға қысқа мерзімді оқытулар ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Оқу барысында қатысушы зейнеткер Самаева Найля Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік желілер және Интернет арқылы іздестіру, сөйлесу, сұхбаттасу сияқты бөлімдерден тұрады. Қазіргі уақытта жаңа технологияларды білу өте қажет. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушының көңілінен шықты, өзінің жаңа өмірінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Зейнеткер Найля Қабдрахманқызы компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті. .