Өрт қауіпсіздігі мұнарасының іргетасы қаланған күн: ән шашу
18 сәуір күні кітапхананың «Ключ» авторлық әндерді орындаушылардың клубы Өрт қауіпсіздігі мұнарасының іргетасы қаланғаына 89 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.
Музей қызметкері Рыкова Натальяның ізденімпаздығымен қаламыздағы өрт қауіпсіздігі мұнарасының құрылғанына 89 жыл толғаны анықталып отыр. Мұнара 1927 жылдың 17 сәуірінде пайдаланылуға берілген. Семей қаласының өрт сөндіру бөлімі енді жыл сайын өрт қауіпсіздігі мұнарасының туған күнін атап өтуді дәстүрге айналдырмақ. Атлмыш шара ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру қызметі апаттық – құтқару жұмыстары» №2 тобында өтті. Клуб мүшелері Вадим Син, Андрей Гамбург ардагерлерді және өрт қауіпсіздігі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап ерлік, адалдық және махаббат сынды мәңгілік тақырыптарға ән шашуларын жолдады. Шара сонында клуб мүшелері ризалыққа толы өрт қауіпсіздігі мұнарасының бейнеленген алғыс хатпен марапатталды.